А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет13/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Өнімге бағдарланған маркетинг — кəсіпорынның қызметі жаңа 
тауарды жасауға немесе оны ары қарай жетілдіруге бағытталған 
уақытта қолданылады. Негізгі міндеті — тұтынушылардың жаңа 
немесе жетілдірілген тауарды сатып алуға қызығушылығын 
арттыру.
Тұтынушыға арналған маркетинг — кəсіпорынның қызметі 
нарық талабына сəйкес қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағыт-
талса, осы маркетинг қолданылады. Бұл жағдайда маркетингтің 
негізгі міндеті — əлеуетті қажеттіліктерді зерттеу, нарықтық бос 
қуысты іздестіру. 
Өндірістік кəсіпорынның шаруашылық қызметі үшін мар-
кетингтің жоғарыдағы екі түрін де қолдану пайдалы. Кəсіпорынның 
өндіріс жəне нарық тұрғысынан мүмкіндігін жан-жақты саралау 
ғана коммерциялық жетістікті қамтамасыз ете алады. Мұндай 
аралас маркетингтік шаралар интегралданған маркетинг деген 
атауға ие.
Инновациялық маркетинг — өндірістегі инновациялық үрді-
стерді дамыту жəне ноу-хауға айналдыру түрінде ерекшеленеді. 
Инновация дегеніміз — бұл техника, технология, еңбек пен 
басқару саласына жаңалық енгізу, сондай-ақ қызметтің əртүрлі 
бағыттарында жаңалықтарды қодану. Ноу-хау (ағыл., «knоw-һоw» 
— «қалай істеуді білемін») — ғылыми-техникалық, өндірістік-
технологиялық, басқару, қаржы-экономикалық сипаттағы білім-
дердің, мəліметтердің, сондай-ақ оларды тəжірибеде қолдану дағ-
дыларының жиынтығы. 
Бұқаралық маркетинг — бір ғана тауарды жаппай өндіру
жаппай тарату жəне барлық сатып алушыларға жаппай өткізуді 
ынталандыру. Бұқаралық маркетингті жүзеге асыру үшін өнді-
рушінің шығыны төмен болуы керек жəне өнімге төмен баға қою 
керек.
Тауарлы-дифференцияланған маркетинг — түрлі тұтыну-
шылық қасиеттері бар тауардың бірнеше түрін өндіру, яғни 
əралуандықты жасау. 
Мақсатты маркетингтің мəнісі нарықты сегменттеуден шығады, 
яғни оны əрқайсысына жекелеген тауарлар немесе бір, яки бірнеше 
сегментті таңдауда, олар үшін тауарларды жасау жəне осы 
сегменттерге есептелген маркетингтер кешенін жүзеге асыру, яғни 
тауардың сəйкес бағаларын, тұтынушылық қасиеттерін ұсыну 
арқылы нақты топтарға бөлу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет