А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет12/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Демаркетинг — маркетингтің өндірістік мүмкіндік деңгейінің 
жеткіліксіздігінен, тауарлық ресурстар мен шикізаттың шектеулі 
болуынан қанағаттандырылмайтын тауарларға немесе қызметтерге 
сұранысты азайтуға бағытталған түрі. 
Жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндіктің жоқтығы 
бірқатар жағымсыз жағдайларға соқтырады, мəселен фирма 
атауының, оның тауарлық белгісінің, сауда атауының кері 
пікірлермен байланыстырылуы. Соның ішінде, фирма сұранысты 
қанағаттандыра алмайды немесе қанағаттандыруды қаламайды 
деген ой қалыптасады. 


22
23
Демаркетингтің мақсатына орай, бағаны арттырады, жарнама-
лық кампанияны қысқартады немесе мүлдем тоқтатады. Бірақ, 
əлеуетті жəне қанағаттандырылмаған сұраныс дегеніміз, клиентті 
жəне ықтимал ақшаны жоғалту дегенді білдіретіндіктен, кейбір 
жағдайларда шетелдік өнеркəсіпшілерге лицензияға жəне сол 
бұйымның өндірісіне тауарлық атауды қолдануға құқық беретін 
лицензияны сату пайдалырақ болып саналады. Бұл жағдайда 
белгілі бір нарықтағы кірістің мүлдем болмағанынан, ықтимал 
кіріс көлемінің екі есе қысқарғаны тиімді.
Қарсы əрекет етуші маркетинг — бірқатар тауарлар мен 
қызметтерге деген сұраныс иррационалды болғанда, тұтынушының 
немесе қоғамның игілігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге 
асырылатын маркетинг. 
Сұраныс бүтіндей қоғамның жəне оның мүшелерінің игілігі 
тұрғысынан қандай да бір тауарды пайдалану кезінде иррационалды 
деп анықталады (спирттік ішімдіктер, темекі өнімдері, кейбір дəрі-
дəрмектер жəне т.б.). Қарсы əрекет етуші маркетинг тауар өндірісін 
тоқтатумен, оны сауда жүйесінен алып тастаумен жəне осы тауар 
мен оны тұтынуға қарсы бағытталған қарқынды насихаттық 
кампанияны жүргізумен байланысты.
Кез келген сатушы өнімді өткізу, яғни оны тұтынушыға дейін 
жеткізу мəселесімен бетпе-бет келеді. Əрбір дайындаушы-сатушы 
мен тұтынушының негізгі міндеті қанағаттанарлық коммерциялық 
нəтижеге қол жеткізу болып табылады. Коммерциялық жетістікті 
қамтамасыз ету нарықтың түрлерін, үлгілері мен белгілерін 
терең, əрі жан-жақты зерттеуге байланысты. Нарықты зерттеу 
екі көзқарас тұрғысынан жүзеге асырылады: оның өзіне тəн 
ерекшеліктері, сыйымдылығы тұрғысынан қажеттіліктері мен 
мүмкіндіктері, қамтылу дəрежесі, бəсекелестердің жағдайы, ұқсас 
тауарлар мен алмастырушы тауарлардың пайда болу ықтималдығы 
жəне т.б. тұрғысынан. Қайсыбір көзқарасты таңдамайық, ол өнімге 
бағдарланған маркетингке немесе тұтынушыға бағдарланған 
маркетингке алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет