20
21
маркетинг қоғамы жасақталып, ол 1973 жылы Американ мар-
кетинг ассоциациясы (АМА) болып өзгерді. Кейінірек мұндай
ассоциациялар мен ұйымдар Батыс Еуропада, Жапонияда пайда
болды.
50 жылдардың басы мен 70 жылдардың соңында фирмалар
сұранысты қалыптастырып, кері үрдістерге қарсы тұратын жарнама
жұмысы мен тауар жылжытудың кешенді жоспарына сүйенді.
Ынталандыратын маркетинг тауарға, қызметке сұраныс жоқ
болғанда қолданылады. Бұл жағдай жұртшылыққа бұйымның
өзіндік тұтынушылық ерекшеліктері таныс болмаған жағдайда
болады, мəселен, жаңа технологиялық жүйеге қатысты орын
алуы мүмкін. Кейде тауар тұтынушылық құнын өзі береді,
бірақ мүлде басқа нарықта, мəселен, теледидар станциясы жоқ
жерде теледидардың сатылуы секілді. Тұтынушылар ұсынылған
тауардың құндылығы толық жоғалды деп есептеген жағдайда
сұраныс болмайды, мəселен тауарлар өндіріс пен қызмет көрсетуден
баяғыда алынып тасталған жағдайда.
Бірінші жағдайда маркетингтің ынталандырушы бағдарламасы-
на белгілі бір бұйымның кең насихаты кіреді. Екінші жағдайда
фирма маркетинг бағдарламасына телестанцияның құрылысына
қол жеткізу міндетін енгізе алады. Үшінші жағдайда маркетинг
бағдарламасының мақсаты ұсынылған тауарды қосалқы бөлшек-
тердің көзі ретінде ұсынуы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: