Өндірістік (өнеркəсіптік) маркетинг — өндірістік-өнеркəсіп-
тік бағыттағы тауарларды дайындау технологиясын үнемі
жаңартуға жəне тұрақты клиенттердің сұранысына бейімдеуге
бағытталған, тауарлы-материалдық құндылықтарды шығаратын
саладан өңдейтін салаға жəне тұтынатын салаға дейінгі қозғалысын
тиімді басқару.
Өндірістік маркетинг — қолданбалы маркетинг жүйесіндегі
анағұрлым маңызды маркетингтердің бірі.
Өнеркəсіптік өндіріс — бұл тауарлар мен ресурстар ағымын
саланың ішіне, сондай-ақ сыртына бағыттайтын салалар кешені.
Өнеркəсіптік кешен үш бағытқа таралады:
— шикізат пен жартылай фабрикаттарды өндіруші салалардан
алу, оларды қолдану, салаларды күрделі құрал-жабдықтармен,
қосымша материалдармен қамтамасыз ету;
— құрал-жабдықтарды, материалдарды жəне тұтынушылық
тауарларды жеке тұтынушыларға, мемлекетке, өндірістік жəне
өндірістік емес ұйымдар мен экспортерларға сату;
— өңдеуші өнеркəсіптің ішіндегі жеке кəсіпорындар арасында
жартылай фабрикаттармен, тораптармен, агрегаттармен, қосымша
жəне дайын материалдармен, құрал-жабдықтармен алмасу;
Өндірістік (өнеркəсіптік) маркетинг келесі ұстанымдарды
басшылыққа алады:
— өндірушінің өзіне айтарлықтай тиімді жəне қолайлы, тауарлар
тұтынушыларға күштеп таңылатын өнеркəсіптің даму жолдарын
қабылдамайды;
— өндіруші өз тауарларына тоқмейілсімей, тауардың тұты-
нушылық қасиеттеріне сенімсіздікпен қарап, осының негізінде
өндірісті жаңартып отыруы керек;
— бəсекелестерінен қаймықпай, оларға түзу қарай білу керек,
олар қолданатын маркетинг құралы мен маркетинг желісін зерт-
теуге тиісті;
— сыртқы ортаның өзгерісін ұдайы есепке алу қажет.
Тұтынушы маркетингі — əлеуетті тұтынушылар мен шынайы
тұтынушылардың əлеуметтік-экономикалық жəне психологиялық
түрлерін, олардың өмір сүру стильдерін, дағдыларын, қажет-
тіліктерін, мотивтерін жəне түрлі маркетингтік құралдарды
қолдана отырып, тұтыну нарығына əсер ету шараларының
жүйесін жасау. Жоспарлы жəне жүйелі маркетингтік шаралармен
жүзеге асатын аталған маркетинг нарықтағы белгілі бір тауарлар
мен қызметтерге деген сұранысқа əсер етуге мүмкіндік береді.
Нарыққа тұтыну тауарларын ұсынатын кəсіпорындар мен фирмалар
тұтынушылар санының көп болуын талап етеді. Ал өндірістік-
өнеркəсіптік бағыттағы тауар өндірушілер көбіне бір ғана сатып
алушы-тапсырыс берушімен шектеледі. Кəсіпорынның əлеуетті
сатып алушылардың саны нарықтағы əрбір келісімнен пайда
табу мүмкіндігінің жоғары болуына байланысты. Осы келісімдер
қаншалықты көп болса, тұтыну тауарларын өндіретін фирмаларға
соншалықты тиімді.
Маркетинг тарихы маркетингтің қазіргі жəне əлеуетті тұты-
нушылардың қажеттіліктерін зерттеуге бірден емес, біртіндеп
келгенін көрсетті. Тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау
жəне қанағаттандыру тұтынушы маркетингтің тар аядағы мақсаты
ғана емес, барлық ресурстарды жоспарлаудың, тиімді, əрі ұтымды
қолданудың міндетті шарты. Көптеген кəсіпорындар үшін,
инвестициялық капиталдан пайда табу бастапқы міндет болып
табылады.