рет төс түйістіріп, бір-бірін арқаларынан қағып, құшақтасып орындайтын кешенді
ишараты – көрісу. «Көрісіп қайт», «көріс» дегенде «бет-жүзін көріп, амандығын біліп қайт»,
«өз аман-саулығыңды білдір» деген тілек жатады. Көрісуге сыйлайтын адамдар арнайы
келеді. Мысалы, «Абай жолы» роман-эпопеясында Абай жіберген жігіттердің каторгадан
оралған Базаралымен көрісуге келген эпизоды былайша суреттеледі: Көрісуге бір топ адам арнайы Абайдың нұсқауымен келеді. Бұлар: Оразбай, Жиреншелер салқын қабақпен қарсы алған – Құнанбай ауылының жастары – Абай жіберген жастар. Солар үй ішіне кіре бере даурыға қуанып, ұмтыла көрісіп: – Қайран Базекем! – Асыл ағекем! – Ардақты арысым! – Қош келіпсің еліңе! – Келіпсің құтты болсын! – Қадамың құтты болсын, Базеке! – деседі [М.Әуезов. 20 томдық шығ. жинағы.
5-том. 64-б.]. Бұл айтылған сөздер көрісу кезінде айтылатын сөз-формулалар. Бұл сөз-
формулалардың белгілі бір қалыптасқан, стандартқа айналған түрі жоқ, тек игі тілектер,
ниеттің дұрыстығын білдіретін сөздер ғана айтылады. Осы мысалдағы ұмтыла көрісу көптен көріспеген адамдардың бір-біріне бүкіл денесімен ұмтыла түсуі, сонан соң айқара құшақтасып, төсіне төс тигізіп амандасуы, бір-бірін арқадан қағуы т.б. Ол үшін отырған
адам келгендерді міндетті түрде орнынан тұрып қарсы алады. Келтірілген мысалдағы
ишаратта ыстық тілек, сағынысып көрісу, сыйлап, арнайы келіп амандасып тұрғанын
білдіру мағыналары жинақталған. Көрісу міндетті түрде төс соғысу, құшақтасумен, бір- бірін арқаға қағумен қабаттаса орындалады. Әрине, бұл ишара орындалғанда адамдар тік тұрып қана қимылдар жасайды. Көрісу – адамның түрегеп тұрып жасайтын кешенді
қимылдарының бірі. Сөз дәлелді болу үшін тағы бір мысал келтіруге болады: Базаралы
орнынан тұрғанда, оны кезек-кезек құшақтап, төс соғысып амандасып жатқандар:
Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Ербол сияқты кісілер болатын [М.Әуезов. 20 томдық
шығ. жинағы. 5-том. 64-б.]; Дауды естуге енді келіп кірген Тәкежан, Оспан, Ысқақ үшеуіне
де есік жақта отырған би, болыстың бәрі жапырлап амандасты. Түрегеп қол берісіп,