Қос қолын ұсынып амандасу қадірлеу, ерекше сыйлау мағынасын білдіреді. Жасы
кішілер жасы үлкендерге қос қолын ұсынып амандасса, әдептіліктің, көргенділіктің және
сыйлаудың белгісі болып табылады:
– Е, құдай-ау, сені сонау Қазықұрттан мұнда жеткізген қай хикмет? – деп би қос қолын ұсына жақындай бергенде, қонақ айқара кең құшағын ашты [М.Есләмғалиұлы. Әйте-
ке би. 40-б.]. Ел ағасы ізгі ниетпен тарту-таралғы, жол-жоралғысын алдына салып, келіп
тұрған қонаққтармен Шығыс дәстүрімен қос қолдасып сәлемдесіп, урғасының төріне шақырған [К.Сегізбайұлы. Беласқан.].
Қол ұсынудың – әрі амандасу, әрі кешірім сұрау, татулыққа шақыру мағынасын біл-
діріп жұмсалуы аз кездеспейді:
– Амансың ба, Оразбақ, – деді Рысқұлов қол ұсынып. – Бір-бірімізге көңіл айтпағаны-
мызға сен де кінәлі емессің, мен де кінәлі емеспін [Ш.Мұртазаев. Жұлдыз көпір. Қызыл
жебе. Роман. 3-кітап. 164-б.].
– Сәләматсыз ба, жолдас Рысқұлов! – деп басын иіп, қол ұсынды [Ш.Мұртазаев.
Жұлдыз көпір. Қызыл жебе. Роман. 3-кітап. 235-б.].
Қол алу.Екі адамның бір-бірімен қолдарын ұсынысып, екеуінің де алақандарын бір-бірі- не тигізіп амандасуы. Екеуі қол алып амандасты [Д.Исабеков. Қарғын. 72 б.]. Қонақтар
алғаш кірген жерде аппақ боп кеткен жүзі, енді қасына Әбіш келіп, қалаша қол алып амандасқанда, бір сәтте қып-қызыл боп ду етіп, ыстық толқын атып қалды [М.Әуезов. 20
томдық шығ. жинағы. 5-том. 308-б.]. Кейіпкер қызбен қол алысып амандасып тұр. Қол алы-
судың бұлайша сипатталуы қыздармен қол алысудың қазақ арасына кейінірек оқығандар
арқылы таралғанын байқатады.
Қол беру.Қос қолының алақандарын бір-біріне жақындата ұстап алға қарай созу немесе коммуникацияға қатысушы адамға сәлемдесушінің оң қолын алға қарай созып, ұсынуы. Олар үшін қол беріп амандасу ләззатының өзі сонда [Ә.Нұршайықов.
Махаббат, қызық мол жылдар. 19-б.]. Қол беріп амандасу қол алумен, қол ұсынумен
орындалуы тұрғысынан бірдей, тек ер адамдар арасында ғана емес, әйел мен ер адам
арасында да орындалады: Үстіне киген ақ кофтасы ақ мамықтай үлпілдеген, қаз кеуде,
қызыл ерін, аққұба қыз жымиғаны жаныңды майдай ерітіп, иіліп келіп, оң қолын берді [Ә.Нұршайықов. Махаббат, қызық мол жылдар. 19-б.].
Қол беру тек сәлемдесуден бөлек құттықтауды, кейде ниеттестікті де сездіреді:
– Ағай, сәлеметсіз бе, құттықтаймын,– деп қолын берді [Ә.Нұршайықов. Махаббат,
қызық мол жылдар.19-б.].
Қол беріп амандасты, қолын қысты дегенде орындалатын амал бірдей, тек қол қысу
кезінде сәлемдесушінің қолын алақанда сәл қысыңқырап ұстап барып, босатады. Мағына-
лары әртүрлі бола береді: Ағай, сіздің Жаңа жылда бақытты болуыңызға, ойға алған
мақсаттарыңыздың бәрі түгел орындалуына шын жүректен тілектестік білдіремін! – деп
кішкентай әсем алақандарының арасына алып, менің қолымды қысты[Ә.Нұршайықов.
Махаббат, қызық мол жылдар. 52-б.].
38
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
Амандасу үшін жасалатын бейвербалды амалды кейде қол созды деп те жеткізу бар:
Абайға да бас иіп, қол созып амандаса берді [М.Әуезов. 20 томдық шығ. жинағы. 5-том.
378-б.]. Амандасу үшін ұсынылған қолды алу үшін орындалатын амал. Көбінесе қыздар қолын созады. Ал ер адамдар жауап ретінде қол алып, амандасу ишаратын жасайды. ...Қарлығаш қанат қасын кере, қаймыжықтай жұқа еріндерін жай ғана жыбырлатып, кер