А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата18.05.2023
өлшемі361,51 Kb.
#94586
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
момынова

ұстапбірінің соңынан бірін қыса бердім, қыса бердім [Ә.Нұршайықов. Махаббат, қызық 
мол жылдар. 19-б.]. 
Құшағын айқара ашты – риясыз көңілмен амандасты:
...Қонақ айқара кең құшағын ашты [М.Есләмғалиұлы. Әйтеке би. 40-б.]. Екі қолын 
екі жаққа жайып жіберіп, құшағына алуға даяр екенін көрсетіп, сәлемдесушілердің 
құшақтасып амандасуы. Құшақтасып амандасқан коммуниканттардың бұл ишаратының 
астарында бір-біріне деген сағыныш пен құрмет көрсету белгісі жатады. 
Құшақтасып амандасу – қатты сағынысып көрісу мағынасында: Абай да аттан түс-
кенде жаңағы достары құшақтасып амандасты [М.Әуезов. 20 томдық шығ. жинағы. 
5-том. 392-б.]; Екеуі алдымен қол ұстасып, артынша құшақтасып амандасты 
[С.Бақбергенов. Бөрте – Шыңғысханның жұбайы. 243-б.] дегенде қол ұстасып амандасу 
ішкі жан-дүниені жеткізуге аздық ететіндіктен, артынша құшақтасу қимылы жасалатын 
болуы керек. 
Ат үстіндегілердің бір-бірін көргенде аттан түсіп, бірін-бірі құшаққа алып амандасуын 
қатты сыйласатын және бір-бірін аман көргеніне деген қуаныш сезімі бойын кернеген адам-
дардың амандасуы деп айтуға болады: Аттарынан түсіп, құшақтасып амандасты 
[І.Есенберлин. Алтын Орда. 75-б.].
Әрі құшақтасып, әрі сүйісіп амандасудың мағынасы алдыңғы ишаратпен бірдей: 
Федор Иванович үндемей құшақ жайып кеп сүйісіп амандасты. Абайдың қолын ұзақ 
сілкіп, қатты қысты [М.Әуезов. 20 томдық шығ. жинағы. 6-том. 18-б.].
Амандасудың әскери үлгісі. Сасқанымнан командирдің алдына келген солдаттай бол-
ып, екі қолымды жамбасыма жапсыра ұстап, тік тұра қалдым да: 
– Сәлеметсіздер ме, жолдастар!  дедім [Ә.Нұршайықов. Махаббат, қызық мол жылдар. 


39 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
8-б.]; Қызыл әскер қалт тұрып, қолын шекесіне апарды [Ш.Мұртазаев. Жұлдыз көпір. 
Қызыл жебе. Роман. 3-кітап. 272-163-бб.].
Амандасу кезіндегі адам дауысының әуезділігі, қаттылығы мен жұмсақтығы да өзінше 
рөл атқарады. Өзіне көңіл аудартқысы келген адам дауысын барынша қатты шығарып аман-
дасады. Сөйтіп жұрт назарын аударып алады: Ыңыршағы айналған лақса мінген Медеу 
ақын да жеткен екен, босағадан аттай бере ащы дауыспен айқайлап, өлеңдете сәлемдесті 
[Ш.Мұртазаев. Жұлдыз көпір. Қызыл жебе. Роман. 3-кітап. 161-б.].
Достық ниет, риясыз көңілмен амандасқанда адамдар жымиып, күліп амандасады: 
Екеуі күле амандасып, бір-бірін қолтықтап кете барды [С.Бақбергенов. Бөрте – Шыңғыс-
ханның жұбайы. 352-б.].
Амандасу, сәлемдесу кезінде орындалатын ишараттардың вербалдануы әртүрлі бола-
ды. Айталық, қол ұсынуды суреттегенде көркемсөз шеберлері оны әртүрлі жеткізеді: Екі 
қолымды бергенім қате болды ма деп, жеңін сыбанып, қалақтай алақанын Тыпаңның 
жып-жылы жұмсақ уысына қырынан сұға қойды [Ж.Аймауытов. Ақбілек. 101-б.]. Си-
патталып тұрған ишарат  жай ғана амандасу ишараты. Бірақ алақанын уысына қырынан 
сұға қою тіркесімі арқылы амандасудың вербалдануының дәстүрлі сипатталауынан бөлек, 
окказионалды түрде берілгенін байқауға болады. Авторлық стильдік ерекшеліктердің 
көрінісі осындай кездерде нақты байқалады. Мысалы, Ж. Аймауытовтың сәлемдесу иша-
ратын, оның ішінде қол беріп амандасуды сипаттауы былайша көрініс табады: Бір шетінде 
тұрып Бекболат та қалақтай алақанын қырынан жапсырып жатыр [Ж.Аймауытов. 
Ақбілек. 105-б.]. Бұл ишараттың алдыңғы ишараттан мағыналық айырмасы жоқ, тек жет-
кізілу формасы, вербалдануы бөлек.
Қорыта айтқанда, амандасу кезінде орындалатын ишараттардың ұлттық сипаты ерек-
ше. Мақалада ишараттардың ұлттық сипаты, олардың мағыналық ерекшеліктері барынша 
ашылып көрсетілді. Олардың вербалдануы сөз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет