А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет107/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

жанылтпаш.
Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. 
Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, 
иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, 
келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады.
Жаңылтпашқа көбінесе жаңылғанда ерсі мағыналы сөз бо-
лып шығып, күлдірерлік сөздер алынады. Мәселен:
Базардан алып келген боқжама,
Мен боқжамаламай, кім боқжамалайды?
Мен боқжамаламай, кім боқжамалайды?
Бастапқы жолын жай айтады, соңғы екі жолын шапшаң ай-
тады.
Жаңылғанда мағынасы ерсі сөз болып шығуын көздемей, 
тек жаңылу үшін айтылатын жаңылтпаштар бар. Мысалдар:
Бір түйем бар еді,
Бұйдалайын деп едім, бұйдалай алмадым (соңғы жолды үш 
рет шапшаң айтады).
Құдиярмен құда едім,
Құдияр мені құдалай алмады,
Құдиярды мен де құдалай алмадым (соңғы екі жолды үш 
рет шапшаң айтады).
Бай Тайқарбай, қойыңды 
Ақшағылға жай, 
Тайқарбай (үш рет шапшаң айтылады).
Бас қатырғыш. 
Бас қатырғыш жұмбақ сияқты бұ да ойлан-
дыратын нәрсе, бірақ жұмбақтай шешуі болмаған соң, босқа 
әурелейді. Шешуі жоқтығын білмей, жұмбағын табамын деп 
ойланып, адамның басы қатады, сондықтан бас қатырғыш деп 
аталады.
(Ермектеме нұсқаларын нұсқалықтың 
32, 57-нші нөмірлерінен қара).


273
2. зауықтама (зауық сөзі)
Зауықтама
деп көңіл көтеру үшін сөйленетін сөздер айты-
лады.
Мәселен, 
ертегі жыр
(батырлар), 
тарихи жыр

айтыс өлең

үгіт өлең,
үміт өлең

толғау
, түрлі 
терме
өлеңдер.
1. ертегі жыр 
(батырлары жыры)
 
деп
 
бұрынғы өткен ба-
тырлар турасында шығарған өлеңдерді, әңгімелерді айтады. Ба-
тырлар әңгімесі өтірік, шыны аралас қойыртпақ әңгіме болады. 
Шын жағы: бұрын батырлар болуы, батырлар заманында соғыс 
болуы, батырлар халық үшін қайрат қылуы, жұртын қоруы. 
Өтірік жағы: олардың мінген атына, тұтынған затына өздеріне 
бітпеген қасиеттерді таңу, болмаған күштерді, болмаған істерді 
телу, өтірік те емес, шын да емес, дүбара ертегілеу әңгіме бо-
лып шығады. Ол әңгіме өлеңмен айтылған себепті 
ертегі жыр
деп аталады. Неғұрлым әріден шыққан әңгіме болса, соғұрлым 
қиял жағы шын жағын жеңіп, әңгіме өтірікке жақындай бе-
реді.
Батырлар әңгімесінің құны қандай деген мәселеге келсек, 
мұнда айту тиіс: бұрынғы жаугершілік заманда халық тән 
есебінде болғанда, батырлар жан есебінде болған. Сондықтан 
батырлар турасындағы әңгіме: халықтың жаны, рухы 
турасындағы әңгіме: Батырлары қандай болса, халықтың рух 
жағы да сондай болған. Ертек жырдағы батырлар сипатына 
қарасақ, ол жырлар халықтың рухы нағыз көтерілген шағында 
шыққандығын байқаймыз. Ошақ басы, үй-ішінің қамы сияқты 
өмірдің ұсақ мақсат жағымен азаматтары есептеспей, ұлы 
мақсат, ұлы мұратпен болып, жұрт үшін, көп үшін құрбан 
қылмайтын нәрсесі болмағанын көреміз. Әке-шеше, туысқан-
туған, мал-мүлік, ең қымбатты жан – солардың бәрін жұрт 
қамының жолында бір тиынға баламағанын байқаймыз. Тоғай 
толған жылқысы, қора толған қойы, желі толған түйесі бар бай-
лар, жасы 80-90-ға келгенше бала көрмей, баласы жоқтығынан 
әркімнен қорлық көріп, таяқ жеп, сөгіс естіп, зарығып, тарығып, 
«әулиеге ат айтып», «қорасанға қой айтып», өлдім-талдым де-
генде жалғыз ұл көрсе, ол ұлы жұрт жұмысына керек болған 
жерде қартайған, әлсіз ата-анам қалып барады екен деп, оған да 


274
қайырылуы жоқ. Тоғай толған көп малым қалып барады, оны 
қайтемін деп уайымдап, қарайламайды.
Қобыланды жауға аттанып бара жатқанда, қарындасы 
Қарлыға түстік жерге шейін соңынан қалмай, ақырында 
қайырылмасына көзі жеткен соң, қош айтысып қалайын деп 
тұрып:
Желі толған сар түйе, 
Ағажан, кімге тапсырдың? 
Қора толған ақты қой, 
Ай көке, кімге тапсырдың? 
Тоғай толған көп жылқы, 
Күн көке, кімге тапсырдың? 
Тоқсанда әкең Тоқтарбай, 
Алпыста шешең Аналық;
Ақ көке, кімге тапсырдың? 
Бірге туып, бірге өскен, 
Кіндігіңді бір кескен. 
Көкежан деп жылаған, 
Мен сорды кімге тапсырдың? 
Бұ дүниеде мұңдасың, 
Төсекте жатсаң сырласың, 
Ақыреттік жолдасың
Бұлаңдаған қыз Құртқа, 
Оны да кімге тапсырдың? –
дегенде, Қобыланды ата-ананы, туысқан-туғанды, жарды керек 
қылмайтын тасбауыр, тасжүрек, қасқыр сияқты тек қанішер 
аң мінезді адам емес, шын адам екендігін жырдың мына сөзі 
көрсетеді:
Жүрегі сөзге өрекпіп, 
Батыр да Қобылан тарықты, 
Әскерден жалғыз қалыпты. 
Қарлыға бүйтіп тұрған соң, 
Ақ найзаға сүйеніп, 
Ақырын өксіп қамықты.
Мұнан Қобыландының артында қалып бара жатқандары 
жанына бататын қымбат заттар екендігі, Қобыланды да ата-
ананың, жардың, туысқанның құнын білетіндігі көрінеді. Бірақ 


275
олар қанша қымбат болғанмен, онан да гөрі батырға қымбат 
нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі. Ол жұрт ісі әлгілердің бәрінен 
қымбат екендігін, оның бәрін жұрт үшін құрбан қылатынын, 
қатта басын да соған құрбанға байлап, жауға аттанып бара 
жатқандығын білдіру үшін қарындасына Қобыланды былай 
жауап қайырады:
Желі толған сар түйе, 
Сары суға тапсырдым. 
Қора толған ақты қой, 
Аш бөріге тапсырдым. 
Азу тісі балғадай
Жас бөріге тапсырдым! 
Тоғай толған көп жылқы, 
Жасанған жауға тапсырдым!
Төртеуіңді, тәуекел,
Бір Құдайға тапсырдым! 
Сендер төртеу, мен жалғыз, 
Жауға кетіп барамын, 
Әлдеқандай боламын, 
Айналайын Қалдыжан, 
Ағаңды кімге тапсырдың? –
дейді. Әкесінің жасын өте үлкен кәрі қылып, «өлдім-талдым» 
дегенде, зарықтырып-тарықтырып, оған жалғыз ұл беріп, 
ол ұлын жұрт қорғаушы батыр қылып, ер құрбандығының 
көптігін, үлкендігін көрсету мақсатпен істеген ақын шеберлігі 
де бар шығар. Бірақ елде жоқ рух ақын сөзінде де болмайды. 
Елде бар рухты ақын ықтимал дәріптеп, күшейтіп, көпіртіп, 
көркейтіп айтуы, бірақ жұртта жоқ рухты ақын өзінен шығарып 
айта алмайды. Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей 
тұрмайды. Халықтың батырлары кетіп, басқаға бағынып, рухы 
сөнген уақыттағы қазақ ақындарының сөзі әлгі айтылғанды 
сипаттайды. Байларды, мырзаларды, төрелерді, бастықтарды 
кейде жақсы көріну мақсатымен, кейде нәрсе алу мақсатымен 
мақтап, ақындықты қайыршылыққа, жараукелікке айналдырған 
ақындарымыз аз ба? Ақындардың олай істеуі елдің көбі 
қайыршылыққа, жараукелікке айналғандықтан, елдің дәріптеп, 
ұлықтайтыны бастықтар, байлар, мырзалар болғандықтан.


276
Сүйтіп, рухты ертек жырлар, батырлар әңгімелері халықтың 
рухы көтерілген шақта шыққан сөз болады. Батырлардың ру-
хынан, батырларды жыр қылған ақын сөздерінің рухынан сол 
жыр шыққан замандағы халық рухы қандай болғанын білеміз. 
Ертегілер бұрынғының қалпынан, салтынан дерек бергеңде ер-
тек жырлар бұрынғының рухынан дерек береді, бұл – бір.
Екінші – батырлар әңгімесінің құны тілге пайда беру 
жағынан зор. Батырлар әңгімесі өлеңмен айтылған, өлеңмен 
айтылған әңгіменің сөзі көпке төзеді, тез өзгере қоймайды. Со-
лай болған соң, батырлар әңгімесінде аталарымыздың сөздері 
сақталып келген. Біз сияқты тілі жетіліп болмаған халыққа 
аталарымыздың сөздерін сақтаған әңгімелер құнды болмақ. 
Сондай құнды әңгімелердің бірі 
батырлар әңгімесі
болады.
Соңғы уақытта қазақта сауық кеміген себепті жыршы-
лар азайып, батырлар әңгімесі жоғалып барады. Батырлар 
әңгімелері – өлеңмен айтылатын әңгімелер. Жыршылар жоғал- 
са, батырлар әңгімелері өлең түрін жойып, ертекке айналады. 
Ертегіге айналса, батырлар әңгімесінің рухы, көркі жоғалып, 
құр сүлдесі қалады, сондықтан жыршылар жоғалмай тұрғанда, 
батырлар әңгімелерін өлең түрінде жыршылардың аузынан 
алып қалу керек. Бұл ел ішінде тұрған азаматтардың халық 
алдындағы борышы.
Ертегі-жырлардың қазақ ішінде көбінесе айтылатындары: 
«Қара қыпшақ Қобыланды батыр», «Нәрікұлы Шора», «Алпа-
мыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», « Едіге», « Қамбар».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет