А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет10/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Көрнекті педагаог Е.И.Тихееваның қарапайым матема-тикалық ұғымдарды дамыту әдістемесінің дамуына қосқан үлесі қандай? Басты ғылыми еңбектерінің негізгі мәні неде?

  2. Ой қорыту жұмысы. Е.И. Тихееваның еңбектері туралы талдау.

  3. Практикалық жұмыс. Е.И. Тихееваның оқыту материа-лын біртіндеп күрделендіру туралы пікірін анықтау.

  4. Практикалық жұмыс. 10 көлеміндегі заттарды анықтау әдістеріне сипаттама беру

  5. Е.И.Тихееваның қосу, азайту амалдары туралы әдісте-месіне сипаттама жазу.

  6. Е.И.Тихеева еңбектеріне байланысты картотека құрас-тыру (жылын көрсете отырып).

Ф.М.БЛЕХЕРДІҢ «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ МЕН ДАЯРЛЫҚ ТОПТАҒЫ МАТЕМАТИКА» (1934) АТТЫ КІТАБЫ – ЕҢ АЛҒАШҚЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ РЕТІНДЕ

Ф.Н.Блехердің «Балалар бақшасы мен даярлық топтағы математика» атты кітабында ең басты әрекет ретінде мектепке дейінгі жастағы балалардың сан ұғымдары мен санау әрекеттерін дамытуға ерекше мән берді. Санауға үйретуге арналған бағдар-ламаның негізін жасады. Балаларды 1-ден 10-ға дейінгі сандар мен сандық фигураларды дәйекті түрде меңгеруге, қосу мен азайту амалдарына құрылған қарпайым есептерді шығаруға ықылас-тарын көрнекі құралдар көмегін қолдана отырып, арттыруға ден қойды. Ол әсіресе күнделікті оқу-тәрбие процесі барысындағы жағдайлар мен құбылыстарға мән беріп, оларды кеңінен қолда-нудың, таныс болмыс пішіндері болғандықтан, меңгеруге оңтайлы екені туралы пікірлерін айтты.


Математикалық түсініктерді қалыптастыру сабақтарында көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдарды кеңінен қолдануды ұсынады. Әсіресе әрбір балаға жеке дара берілетін үлестірмелі көрнекіліктерге ерекше мән берді.
Ф.Н.Блехер әдістемесінде сан ұғымымен қатар шама, пішін, кеңістік, уақыт туралы ұғымдарын қалыптастыруға да мән берілді.
Ф.Н.Блехер ұсынған есептеуге, санауға үйрету бағдарла-масында шетел психологтарының ұсыныстары баса айтылды. 3-4 жастан бастап балаларға «көп», «аз» ұғымдарын ажырата білуге үйрету, оларда 1,2,3 сандары туралы ұғымдарын қалыптастыру айтылды және осы сан есім сөздері анық, ретімен айтуға үйретуге көңіл бөлінді. Ойын барысында балалрдың заттардың пішіндері-мен таныстыру, геометриялық пішіндермен таныстыру, кеңістік бағыттарымен таныстыру, уақыт ұзақтығын мөлшерлеуге үйрету ескерілді.
Ф.Н.Блехер мақсаттарын жүзеге асыру үшін 2 сюжет ұсын-ды: балаларда сандық ұғымдар қалыптастыру. Балалар тәжірибелік өмірлік жағдайларда талдауға белсене қалыптасытрылуы тиіс (мысалы, жаңадан сатып алынған қуыршақтарға қанша керует керек? Мейрамға қанша күн қалғанын санау т.б.) Ойын, сабақ кезінде көрнекіліктерді пайдалана отырып, заттар жиынын түзу, оларды өзара салыстыру, аз сандардан құралған жиын жасау, көрсете отырып жиын санын айту.
Ф.Н.Блехер балалардағы сан ұғымын қалыптастыру заттар жиындарын салыстыруға айрықша нәтиже беретіндігін айтты. Ол жасаған оқыту әдістемесінде монографиялық әдіс сарыны да байқалатын: үйретуге заттар жиынын тұтас қабылдауды ескеру, соның фигураларына мән беру т.б.
Ф.Н.Блехер заттар жиынын бір сызық бойымен орналасты-рып санату әрі қолайлы, әрі жеңіл деп айтты. Бұл сандардың ор-наласу ретін жаттауға мүмкіндік берді.
Сонымен Ф.Н.Блехер заттар жиыны туралы айта отырып, ойын әдістерін де қамтыды. Жиын туралы баса айтты. Ф.Н.Блехер қарастырған ойындардың бірі балабақшаларда математикалық ұғымдарын бекіту, ақыл-ой әрекетінің белсенділігін арттыру мақсаытнда қолданылады. Ф.Н.Блехер дидактикалық ойындардың маңызды екенін айта келе, оның қалай болғанда да оқыту әдістері бола алмайтынын айтты. Ф.Н.Блехер ұсынған дидактикалық ойындар қазір де мәні жағынан өте бағалы.
Сабақты ұйымдасытру туралы айта келіп, әсіресе жеке дара балалармен жүргізілетін жұмыстар маңызын айтты.
Сабақта балаларда нақты әрекет барысында белгілі бір ұғымдарды қалыптастыруға мән беру қажет деп санады, өйткені кез келген ұғым тек әрекет барысында ғана қалыптаасады деп тұжырым жасады. Блехер жиын туралы ұғымдарын қалыптас-тыруда сол жиынның сандық атауы болып табылатын сан есім сөздерді атауға үйретудің маңызын баса айтты. Ф.Н.Блехердің оқыту әдістемесінде бала дамуының табиғи бағытын айқындауға мән берілді, яғни ересек адам дамуға басшылық тұрғыда араласпай белсенді түрде әсер етпеу, көп жағдайда сырттай басшылық етуге мән берілді.Ф.Н. Блехер өз әдістемесін алға апаруға көбіне дидак-тиканың ықпалына сүйеніп отырды, яғни қарапйым матема-тикалық ұғымдарды қалыптастыруда көбіне сыртқы жағдайларға ерекше мән берді. Ол ең алдымен, күнделікті өмір құбылы-старында сандық ұғымдарды қалыптастыруға ерекше мән берді. Жаппай сабақ өткізілген жағдайда жеке дара бала қызығушы-лықтарына мән берілуіне баса назар аударды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет