А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет12/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Алдыңғы қатарлы педагогикалық психологиялық зерттеу-лерге нелер жатады?

  2. Әдістеменің даму заңдылықтары қандай?

  3. Педагогикалық соңғы зерттеулер туралы не айта аласың?

  4. Практикалық жұмыс. П.Я.Гальпериннің психологиялық зерттеулеріне (қарапйым математикалық түсініктерді қалыптас-тыру бойынша) сипаттама беру.

  5. В.В.Давыдовтың ақыл-ой әрекеті туралы зерттеулеріне сипаттама беру.

  6. Рөлдік ойын. Түрлі түсті графа рөлін ойнау.

  7. Балалардың жиын ұғымдары мазмұнына сипаттама беру.

  8. Ғалымдар еңбегіне талдау жасау.

А.М.ЛЕУШИНАНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

А.М.Леушина мектеп жасына дейінгі балалардың сандық ұғымдарын дамыту мәселелерін 40-шы жылдардан бастап қолға ала бастады. Оның әдістемесін басшылыққа ала отырып әдістеме теориялық, ғылыми және психологиялық-педагогикалық негізге ие болды. Балабақшадағы мақсатты оқыту негізінде балалардың сандық ұғымдарын дамыту заңдылықтары жолға қойыла бастады. Автордың әдістемелік тұжырымдамасы көп жылғы тәжірибе және ғылыми-теориялық жұмыстары нәтижесінде қалыптасты.


А.М.Леушина қарапайым математика ұғымдарды қалыптас-тырудың дидактикалық жүйесінің негіздерін қалап, 3, 4, 5 және 6 жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің, бағдарла-масын, мазмұнын, әдісі мен тәсілдерін жолға қойды.
А.М.Леушина тұжырымдамасының басты қағидалары мына-лар: заттар жиындарын қабылдауда ондағы жекелеген элементтер-ді ажыратуға үйрету, оларды салыстыруға дағдыландыру («қанша болса сонша, өзара тең, үлкен кіші, аз, көп т.б. ұғымдарымен таныстыру, 2 жиынды салыстыра отырып санау дағдыларын қа-лыптастыру. Бала көрнекі құралдар негізінде салыстыра отырып сандардың реттілігін ұғына бастайды. Қарапайым арифметикалық амалдарды қолдана білуге дағдылана бастайды. Балалардың сан туралы ұғымдары бірнеше зат жиындарын өзара салыстыру барысында қалыптасады. Осының нәтижесінде олар реттік және топтау сандарын меңгере бастайды.
А.М.Леушина әдістемесіне бойынша қарапайым есептеу амалдарымен таныстыру барысында сандар, амалдар қолдану, сандық фигуралармен таныстыру, есептеу (топтамаларды үлестіру, сан құрамын зерттеу), сандармен амалдар орындауға үйрету, 1-ге көбейту және 1-ге азайту, сан – санау әрекеті туралы ұғымдарын бекітуге болады.
А.М.Леушина іргетасын қалаған сандық ұғымдардың қалып-тастыру тұжырымдамасы 60-70 жылдардан бастап дамудың жаңа сатысына көтерілді. Ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеу мәселелеріне орай әсіресе мектепке дейінгі балалардың кеңістік, уақыт туралы ұғымдарын қалыптастыру мәселелері қолға алына бастады. А.М.Леушинаның ғылыми зерттеу жұмыстарының нәти-желері оның докторлық ғылыми жұмысында баяндалды. Балалар-ды мектептегі арифметикалық материалдарды меңгеруге даярлау (1961), тақырыбы бойынша ғылыми мақалалар жариялады. Мә-селен, «Балабақшада баланы санауға үйрету» (М, 1959, 1961) «Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымда-рын қалыптастыру (1974) т.б.
«Балабақша тәрбиешілері», «Балабақшадағы санауға үйрету сабақтары» (М., 1963, 1965) атты оқу-әдістемелік құралдарды кеңінен қолданды. А.М.Леушина көптеген көрнекі дидактикалық материалдар да жинақтап шығарды.
Кейінгі кезде де А.М.Леушинаның жетекшілігімен мектепке дейінгі жастағы балаларда кеңістік және уақыт туралы ұғымдарын қалыптастыру, заттардың салмағын өлшеуге үйрету, балалардың ақыл-ой және жан-жақты даму мәселелері, практикалық әрекет әдістерін меңгерту мәселелері жан-жақты зерттелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет