А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет11/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Бағдарлама не үшін керек?

  2. Бағдарлама мақсаты неде?

  3. Ф.Н.Блехердің қандай еңбектерін білесің?

  4. Практикалық жұмыс. «Балалар бақшасы мен даярлық топтағы математика» атты кітап мазмұнының жоспарына сипаттама беру.

  5. Пікір сайыс. Кітаптың басты идеяларына сипаттама беру.

  6. Рөлдік ойын. 1 қатар бойымен жиынды таныстыру рөлін ойнау.

  7. Ф.Н.Блехердің уақыт туралы ұғымдарына сипаттама беру.

  8. Сабақты ұйымдастыру ерекшеліктеріне сипаттама беру.



АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен психо-логиялық-педагогикалық зерттеулер қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің одан әрі жетіліп ба-лаларға математиканы үйрету мазмұны мен әдістерінің арнасының кеңеюіне жол ашып, тәжірибелік жұмыстардың мазмұндылығын қамтамасыз етті. 1958 ж. Шыққан Ф.А.Михайлованың «Есептеуге, санауға үйретуге арналған сабақтар» атты еңбегінде алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер топтастырылды. Балалрды санауға үйрету мазмұны мен әдістері қарастырылды. Сонымен көрнекі құралдардың маңызы туралы жан-жақты айтты.


Сол тұстағы көптеген зерттеушілердің еңбектерінде санау ұғымдарын қалыптастырумен қатар, өлшеу дағдыларын бекітуге де мән бірілді. Көптеген педагогикалық зерттеулерде балаларға ең басты екі амалды үйрету санауға дағдыландыру және қарапйым амалдар қолдана отырып, есептеуге үйретуге, соның ішінде, 1-ден 10-ға дейінгі сандар құрамын үйрету, санау әрекетін жетілдіруге мән берілді.
Сандарды, санауды үйрету ең алдымен, есептеуге дағдылан-дырудың алғышарты ретінде қарастырылды.
Есептеуге дағдыландыруда қосу, азайту амалдарына бір мезгілде үйретуге де айрықша мән берілді.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру маз-мұны мен әдістері психолгтар мен математиктердің жұмыстарына да негіз бола алды. Мамандар оқытуды жаңалау мәселелерін де сөз етті, бұл баланың жалпы және математикалық қабілеттерінің дамуына да әсерін тигізері сөзсіз.
Психологтар қарапайым математикалық түсініктерді қалып-тастырудың негізі ретінде түрлі заттық әрекеттердің мазмұн-дарына да көңіл бөлді. П.Я.Гальперин бастапқы математикалық ұғымдар мен әрекеттерін дамыту мақсатында өлшеуді әр қырынан зерттеп, өлшеу арқылы бірліктерді үйретуге болатынын айтты. В.В.Давыдов зерттеулерінде санаудың ақыл-ой дамуындағы психологиялық механизм ретіндегі құндылығы баяндалды. Сан ұғымы генезисі кез келген көлемге қатысты қарастырылды (Г.А.Коренеева).
Қалыптасқан дәстүрлі әдістемелік бағытқа (сан – амал нәтижесі) да өзгеріс енгізілді, ең алдымен ұғымның өзін жан-жақты қарастыру әдісіне мән берілді, ал сан өлшем бірлігі ретінде ғана қарастырылды.
Жаңа міндеттер тұрғысынан зерттеулерге талдау жасау, ғалымдарды мынадай тұжырымдар жасауға итермеледі:

  • ең алдымен балаларды оқыту міндеттерін шешудің жалпылама әдістеріне баулу қажет;

  • олардың өзара байланысы, тәуелділігін ескеру керек;

  • логикалық операциялар мен өзара қарым-қатынастраға мән беруге үйреткен жөн.

Бұл үшін арнаулы құралдар: модельдер, схемалық суреттер мен бейнелі кескіндер, танымдық мазмұндық мәні бар бейнелер қажет еді.
Математик-әдіскерлер 6 жастағыларға берілетін білім ауқы-мын қарастыра отыырп, оны жиын, комбинаторика, графа, ықты-малдық т.б. ұғымдармен толықтыру туралы ұсыныстарын айтты (А.И.Маркушевич, Ж.Папи т.б.).
А.И.Маркушевич бастапқы математикалық ұғымдарды қа-лыптастыруды жиын теориясынан бастауды ұсынды. Ол мектеп жасына дейінгі балаларды жиындармен жүргізілетін қарапйым операцияларды қолдануға (топтау, тоылқтыру, жіктеу), олардағы сандық және сапалық ұғымдарды жтілдіру жан-жақты баяндалды.
Ж.Папи (Бельгия математигі) балалардағы функция, реттілік т.б. ұғымдарды түрлі түсті графаларды пайдалана отырып қалыптастыру мәселелерін көтерді.
Қазіргі таңда А.А.Столяр негіздеген қарапйым логикалық ұстанымдар туралы тұжырымдар жүзеге асырылуда, сонымен қатар балалардың математикалық ұғымдарын логикалық-математикалық ұғымдар әлемімен толықтыру мәселелері сан мен жиынның қасиеті, өзара қатынасы жиын, жиынға байланысты операциялар, логикалық операциялар (терістеу т.б.) қолға алынуда және үйретіп дамытушы ойындар сериясы айтылуда.
Балалрдың көлем, сан мен өлшеу т.б. ұғымдарын дамытуға бағытталған зерттеулер де оң нәтижелерін беруде.
Балалрдағы жиын ұғымдарын қалыптастыру әдістері, мүм-кіндіктері В.В.Данилова, Л.И.Ермолаев, Е.А.Тарханова еңбекте-рінде жан-жақты қарастырылды.
Ал кеңістік, уақыт ұғымдарының әдісі мен мазмұнын жетіл-діру мәселелері Т.А.Мусейбова, К.В.Бондаренко, Т.Д.Рихтермен зерттеулерінде баяндалды.
Ойын әдісі арқылы математикалық есептерді шешуге үйрету процесінде көрнекі модельдеуді қолдану мүмкіндіктері жан-жақты зерттелуде (Н.И.Непомнящая), балаларға функционалды тәуел-сіздік туралы жан-жақты үйрету (Л.М.Бондаренко, А.И.Кириллова), кеңістік қатынастарымен таныстыра отырып көрнекі кескіндемені жан-жақты үйрету (Р.И.Говорова, О.М.Дъяченко, Т.В.Лаврентьева, Л.Ш.Хализева).
Психологтар, математиктер және педагогтардың ғылыми ізденістерінінң нәтижелері қарапайым математикалық түсініктерді қалыптасытру әдістемесіне арналған бағдарламаны жетілдіру қажеттігін дәлелдейді. Бағдарламаға «көлем», «геометриялық пішін» т.б. тараулар енгізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет