А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет13/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің негізін салушы.

  2. А.М.Леушинаның басты әдістемелік тұжырымдамасы қандай?

  3. Сандар туралы ұғымдарын қалыптастыруда қандай көрнекті құралдар қолданылады?

  4. Леушинаның қандай еңбектерін білесіңдер?

  5. Практикалық жұмыс. А.М.Леушинаның әдістемелік тұжырымдамаларына сипаттама беру.

  6. А.М.Леушинаның ғылыми еңбектеріне жан-жақты талдау жасау.

ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Қазіргі жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда мектепке дейінгі кезеңдегі жүйеде жұмыс тәсілдерінің жаңа түрлерін табу, балаларды еңбекке тәрбиелеуде, т.б. тәрбие салаларында нарықтық қатынас жағдайына бейімдеу талап етіліп отыр. Осыған орай, балалар мен үлкендер арасындағы қарым-қатынасты ақыл-ой міндеттерін шешуде, әр түрлі танымдық үрдістерді дамытуда ойын әдіс-тәсілдері неғұрлым кең қолданылу қажеттігі туындап отыр.


Тәлім-тәрбиенің сабақтастығы туралы М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Бала бір нәрсеге баланың денесі жаны, ақылы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады – дей отырып, «ақыл, ішкі сезім, қайрат қатынасатын болғандықтан, үшеуін бірдей тең тәрбие қылу тәрбиешінің міндеті» – деген ойды анық айтқан еді.
Оқыту мәселесін жан-жақты зерттейтін ғалымдардың дамыта отырып оқыту, оқытудың жалпылау түрлері, білім берудегі сатылық үлгі жүйесі, оқыту мен тәрбиелеудегі кешенді жоспарлау туралы ғылыми тұжырымдары баланың жас шамасына, тәрбие мақсатына қарай үйлесімді қолдануға болатыны белгілі.
Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым ғылыми білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып, олардың ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту, сана-сезім, таным, қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылығын баулып, ба-ланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажеттігіне көз жеткізілді. Дегенмен, қазіргі балалардың даму деңгейі бұрын-ғы көрсеткіштерден озықтығын, олардың білуге, білімге ынталы екендігін соңғы кездері педагогика мен психология саласындағы зерттеулер дәлелдеп отыр. Сондықтан, балалардың логикалық ойлауын дамыту, оларды белгілі бір нысанның ішкі сырын ұғы-нып, оның себеп-салдарын, заңды байланыстарын таба білуге, қа-рапайым логикалық ой қорытындыларын жасауға үйрету, баланың психофизиологиялық мүмкіндіктерін барлық жағынан дамыту, сезім, таным, ерік әрекеттерін жетілдіру, мектептегі оқу ісіне, ой еңбегіне дайындау, қарапайым білім негіздерін меңгертуге тағы да осындай ғылыми жүйелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігі туып отыр.
Жалпы білім беретін және кәсіби мектептерде баланы мектеп бағдарламасын игеруде ой немесе дене еңбегіне тәрбиелеу мін-детін қойды, яғни бұл жерде мен ғылым техника жаңаша дамуына байланысты мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасына өзгерістер енуі керектігі және мектепке дейінгі тәрбиеге, оның ішінде мек-тепке даярлық кезеңіне ең жоғарғы талап қою қажеттігі көрсе-тіледі. Мектепке дейінгі жастан балаларды математикаға оқытуда ақыл-ой тәрбиесі зор роль атқарады.
Педагогика ғылымдары жүйесінде қарапайым математи-калық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі баланы мектепке дайындау проблемасы тұрғысынан қарастырылады. Себебі мек-тепте оқытылатын математика пәніне даярлық, ол пәннің негізгі ұғымдары туралы алғашқы түсінік балабақшада қалыптасады. Сондықтан, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі педагогикадан бөліне отырып, өз бетінше ғылым және оқыту саласы болып табылады. Зерттеу пәні болып мектепке дейінгі мекемедегі балалардың алғашқы математикалық түсінік-терін қалыптастыру, меңгерту, оның заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.
Балабақшадағы математика сабағы осы міндеттерді көздейді және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, ойлау жүйесін дұрыс қалыптастыру мақсатында кешенді – интеграциялап оқы-туға негізделеді.
Математика сабағында берілетін тапсырмалар мазмұны ба-ланың жас ерекшеліктеріне, танымдық әрекеттерін қалыптасты-руға және даму деңгейіне лайықталып алынады.
Қоршаған ортадағы заттарды түріне, түсіне, пішініне қарай салыстыру, талдау, әр затты қолдарымен ұстап мән беру арқылы бала ішкі сезіммен әсерленіп, өздігінен ізденеді. Бұл дербес зерттеп, ізденуге талпыну әрекеті ең басты даму жолы болып саналады.
Математика сабағы мазмұнына кеңістікте бағдарлану гео-математикалық фигуралардың жазықтықтағы, кеңістіктегі орнын анықтау т.б. жатады.
Сонымен қатар, ғылым мен техниканың ең басты жетістік-терінің бірі – баланың ақыл-ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында – компьютерлік сауаттылыққа баулу екендігі айқын.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ба-рысында оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болып табылады. Әр сабақ өзіне тиісті үш мақсатта яғни білімдік, тәрбиелік және дамытушылық бағытында болады. Тәрбиеші – педагог сабаққа тиянақты дайындалып, алдына нақты мақсаттарын белгілейді. Оқу үрдісін ұйымдастырудың түрлерін, әдіс-тәсілдерін, технологиясын өзі талдайды.
Жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын пайдаланады.
Технология – білім мазмұнын жүзеге асыратын әдіс-тәсілдер жиынтығы, әмбебап педагогикалық жүйе. Технология деген ұғым кең. Ол – өнер, шеберлік, іскерлік деген мағынаны білдіреді.
Сабақ мазмұны тақырып мазмұнына қарай анықталады, ал оның сапалы болуы – сабақтың жүйелі құрылған жоспарына, бала мен тәрбиешінің шығармашылық ынтымақтастығына байланысты. Сабақ түрлерін жоспарлауда тәрбиешінің білімділігі, ізденім-паздығы, технологияларды қалай меңгергендігі, педагогикалық шеберлігі үлкен роль атқарады. Сабақ үстінде баланың көңіл-күйін, зейінін, әрекеттерін бақылау, қызығушылығын ояту, бел-сенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлануға, талдау жасауға үйрету, танымдық, шығармашылық қабілеттерін шыңдау тәр-биеші-педагогқа байланысты.
Тәрбиеші – педагогтың шығармашылығына толық еркіндік беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет