А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет44/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Компьютерлік оқытудың маңызы мен міндеттерін талдау.
2. Компьютерлік графа мен сызбаларға сипаттама беру.
3. Ойын түрлеріне көрнекі-құралдар дайындау.
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАР МЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШАРАЛАР

Балалардың математикалық ұғымдарын қалыптастыру үшін даярлық шаралары балаларды жалпы мектепке даярлаудың құ-рамдас бөлімі болып табылады. Бұл процесс мектепке дейінгі ме-кеменің тәрбие – оқыту жұмыстарымен тікелей байланысты және ең алдымен балалардың ақыл-ой тәрбиесімен математикалық дамуларын қалыптастыруға бағытталған.


Бұл шараның басты ерекшеліктері:
- баланың танымдық әрекеттерін қалыптастыру және дамыту баланың жеке тұлғасы мен қабілеттерін, ақыл-ой процесін дамыту;
- өз мүмкіндігінше дағдылар мен іскерліктерді меңгерту үшін мектеп жасына дейінгілердің жас мүмкіншіліктерін ескеру;
- математикалық даярлық жұмыстары процесінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттері өзара тығыз бірлікте және байланыста шешіледі.
Математикалық ұғымдарды меңгере отырып, бала түрлі зат-тар және олардың арасындағы әрекеттер туралы қажетті сезімдегі тәжірибе жинақтап, танымдық дағдылар мен әдістерді меңгереді, оқыту барысында алған білімдерін, тәжірибе барысындағы дағ-дыларымен ұштастырады.
Бұл олардың қоршаған ортаны тануға өз жеке түйсінген оқи-ғаларын қоршаған ортамен байланыстыру, жеке басының ұнамды қасиеттерінің қалыптасуына айтарлықтай әсерін тигізеді.
Балаларда математикалық ұғымдар жүйесін қалыптастыру нақты бір жүйе бойынша жүргізіледі. Мазмұндық құрылымы жа-ғынан әсіресе негізгі ұғым іргетасы болып саналатын «жиын», «сан», «көлем» т.б. айтуға болады.
Қарапайым математикалық ұғымдар мектепке дейінгі бала-лар, игерулері тиіс әрекеттердің негізі болып табылады.
Қарапайым математикалық ұғымдарын жалпылау және дең-гейін көтеру тек ақыл-ой әрекетін ерекше ұйымдастыруға ғана әсер етіп қоймай, оқыту процесінде арнаулы танымдық құрал-дарды қолдануды да қажет етеді: мысалы түрлі модельдер, кескін-демелер, графиктер т.б. Мысалы: шеңберлерден құрылған саты арқылы сандардың (натурал сандардың реттік қатары не құрамы туралы көгілдір, қара түспен шеңбер ішін төртке бөлу арқылы – тәулік кескінін ажыратып көрсетуге болады.
«Танграм», ойыны, басқатырғы «Пифагор», ойындарында теңбұрыштар «Стомахион», дөңестер «Колумб жұмыртқасы» ойынында шеңберлер сиқырлы шеңбер ойынында «Вьетнам ойыны» және басқалары жатады.
Бұл ойындар балалардың кең көлемде сезімдік қабылдау-ларын дамытуға, ойлау жүйесін жетілдіруге және интуитивтік ойлауларын дамытуға бағытталған. Әрбір ойыншы бұл элемент-терден өзі қалаған түрлі суреттерді құрай алады. Бұл үшін бөл-шектерді құрай білу, белгілі бір ұқсастығын таба білу, белгілі бір ұқсастығын таба білу қажет.
Ойында көз алдына елестете білу 5-6 жастағы балаларда ойлап табу және өз бетінше ұқсас тапсырмаған байланыстыра фигура елестету пайда болады. Бұл балаларды оқытып, үйреткен-нен пайда болатын жетілген қабілет пайда болады.
«Танграм» ойынында оқу үйрену жүйесі жетілдіріледі. Бұл ойын «геометриялық конструктор» деп аталады. Бұдан бірнеше жыл бұрын өмір сүрген қытай оқымыстысы Та-ноттың атымен аталған.
Геометриялық фигураларды толық анықтау арқылы олардың толық кескіні бейнеленеді. Ойынға ыңғайлы болу үшін квадрат өлшемін 10х10 см етіп аламыз. Шаршы өлшемдері әр түрлі 5 тік бұрышты үшбұрыштарға бөлінеді, 2 үлкен, 1 орташа, 2 кішкентай; 1 шаршының өлшемі 2 кішкентай үшбұрышқа тең, төртбұрыш көлемі квадратқа тең.
Ойлау жүйесін шешу «Танграм» басқа ойындарға қарағанда (Пифагор) «Колумб жұмыртқасы» бұл баланың өз бетінше ше-шуіне, бірбеткейлігіне, сезімталдығына көмектеседі. Бұл ойын ба-ланың өз бетінше шешуіне (құс бейнесін, үй жануарлары бейнесін бейнелеуге көмектеседі, ой-өрісін жетілдіреді, ойлау қабілетін дамытады.
«Танграм» ойыны мектеп жасына дейінгі ересек балалар ойыны. «Танграм» ойынын ұйымдастыру ерекшеліктері бар, ал-дымен, тәрбиеші балаларды ойын шартымен таныстырады. Олар неше бөліктен тұратынын көрсетеді. Оның түріне қарай қосылуын көрсетеді. Әр фигураның құрылысына талдау жасайды. Мысалы: орташа ұшбұрыш, кішкене үшбұрыш.
Тәрбиешінің бақылауымен белігілі бір нәрсе шығатындай етіп фигура құрайды және оған ат қояды. Осы фигураны бағалап, қалай құрайтынын зерттейді.
Осындай бірнеше жаттығулардан кейін балаларға күрделірек фигураларды бөлшектенген түрде құруға үйретеді. Бұл күрделі фигураның міндетті түрде үлгісі болады. Тәрбиеші балаларға сол мүсіннің үлгісі арқылы дұрыс жасауын қадағалап отырады. Оның орналасуы басты фигурадан басталады. Ал жалғасы басқа фигу-ралардың көмегімен жалғасады.
Фигураны балалар жасағаннан оның орындалғанын тексереді және үлгісімен салыстырылады. Балалар бірнеше бөлікке бөлінген үлгі арқылы бір бейнені құрастыруға тырысады.
Жаттығудың келесі бөлігінде ең маңыздысы бұл балалардың кескіннің үлгісімен жұмыс жасату, бұл – бөлшектелмеген дүниені тәрбиеші балаларға үлгіні мұқият қарап және оның қалай құрыл-ғанын елестетуді сұрайды. Балалар үлгіні мұқият қарап, зерттеп елестеткеннен кейін қалай құрағанын бақылайды. Егер, дұрыс құралмаған жағдайда балаларға үлгіні қайта көрсетуге болады. Ал, фигураны құрастырып болғаннан кейін, сол фигураның үлгісіне қарап, дұрыстығын салыстыру керек. Тәрбиеші құрастыра алмай қиналған жағдайда, көмек беріп, дұрыс құрастыруын қадағалау қажет. Ал, бала өз қатесін түсініп түзетуге тырысады.
Баланы ойлау қабілетін жетілдіру үшін одан фигураны құру жоспарын сұрайды. Әрі қарай олар өз еріктерімен басқа фигуралар жасайтын болады.
«Танграм», «Сиқырлы шеңбер», «Пифагордың басқатыр-ғысы», «Колумб жұмыртқасы», «Жапырақ», , «Шаршы құрастыру» (Б.Л.Никитиндікі) т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет