Жойылған өркениет не аналық өркениет болып басқа цивилизацияға бастау береді, не тарих сахнасынан жоғалады. Мысалға, Эллиндік өркениет екі: батыс және православтық христиан өркениеттеріне бастау берген. Ал, инк, Египет өркениеттері тарихтан жым-жылас болып жойылып кетті. Мұндағы Египет өркениеті қазір араб өркениетінің құрамында. Дамымай қалған өркениеттерден қазір: көшпенді және полинезиялық өркениеттер әне-міне жойылу үстінде. Қалған бес өркениеттің төртеуі, бір: Батыстық өркениетпен унификация процесіне түсіп құлдырау жолында жатыр. Оларды да жақсы болашақ күтіп тұрған жоқ. Тойнби барлығын жұтып жатқан Батыс қоғамы бір күні жарылатынына сенеді, бірақ, бір өкініштісі онымен бірге қалғаны да жарылады. Сол себепті бұл еуропоцентризмді барынша даттаумен болған ағылшындық философ. «Идеал современной западной демократии заключается в том, чтобы наполнить практическую политику христианским чувством всеобщего братства, но в реальности политика оказалась воинственной и наполненной племенными раздорами. Современный западный демократический идеал, таким образом, сводится к попыткам примирить два духа и две силы, которые находятся почти в полной противоположности друг к другу.»( А .Тойнби, «Постижение истории»,4бет) Рухани мәдениетті артта тастаған материалдық бағытта дамып жатқан бұл өркениетті жоғарыда айтылған табиғат пен техникалық үдерістің зардаптары күтіп тұр. Онымен қоса батыстық атеизмнің дамуы бұл өркениеттің Әлемдік шіркеуін әлсіретіп, жойылу алдына қалдырды. Бұл жақсылыққа әкелмейді, себебі, дінсіз қоғамды тек қана жойылу тосады. Өзінің жалған дамуына ол басқа өркениеттерді де тартуда. Тартпақ тұрмақ олар оған өздері-ақ еліктеуде. Бұл унификация процесін, бір, жалпы өркениет проблемасын тудырады. Мәдениеттер бірігуі, біржақтылықтың қалыптасуы барлығының келешегін күрең етеді. «Уже тот простой факт, что «великих держав» было больше, чем одна, свидетельствует о неспособности ни одной из них стать полностью универсальной. Однако каждая великая держава успешно оказывала постоянное влияние на жизнь общества, так что в некотором смысле она могла рассматривать себя как ось, вокруг которой вращается весь мир: и каждая великая держава надеялась также заменить собой весь мир, поскольку она была замкнута и самодостаточна»( А .Тойнби, «Постижение истории», 4бет). Тойнбидің бұл сөздеріне тарих куә. Мұндай ұлы өркениет, держава болса да түбінде оны жойлыу күтіп тұр. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс өзімен бірге басқаларды да жойлыу жолына сүйреуде. Бұл адамзаттың жойылуына дейін жетуі мүмкін деп қауіптенеді. Егер батыстық емес бөлек күштірек өркениет келіп адамзатты құтқармаса соңы жаман аяқталады.