А. Д. Тойнбидің тарих философиясы



бет8/11
Дата01.11.2022
өлшемі50,77 Kb.
#46772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәулетбек Султан. А.Тойнби

Жеке индивидтер қоғамның ажырамас атом секілді бөлшегі бола отырып, оның дамуына айтарлықтай үлес қосады. Осындай индивидтерді шығармашылық азшылық дейді. «Люди, создающие это чудо, обеспечивают рост общества, которому они принадлежат. Это больше, чем просто люди, ибо им дано делать то, что воспринимается другими как чудо. Они в определенном смысле сверхчеловеки, и здесь нет метафоры.»( А .Тойнби, «Постижение истории», 175бет). Сыртқы әсерге шығармащылық азшылық жауап қалыптастырады. Ал, қалған көпшілік соған бойұсыну, еліктеу, қабылдау, қолдау арқылы, азшылықпен бірге жауап береді. «Теоретически это обращение может проходить двумя путями: или через массовое претерпевание подлинного опыта, уже преобразившего творческих индивидов, или же посредством подражания его внешним чертам — другими словами, через мимесис.»( А .Тойнби, «Исследование истории», 167бет). Мимесис арқылы азшылық пен көпшілік арасында байланыс қалыптасады. Мимесис бірлестікті тудырып жауаптың күшейе түсуінде рөл атқарады. Шығармашылық индивидтер кету және оралу принципі бойынша жұмыс атқарады. Кету, яғни, көпшіліктен жекелену үшін, кемелдену үшін ол бөлініп кетеді. Оралу, басқа қалған қоғамды кемелдендіру үшін, келіп, қоғамды артынан ергізуі. «Это движение показано на примере практических действий из жизни великих первопроходцев: апостола Павла, св. Бенедикта, св. Григория Великого, Будды, Мухаммеда, Макиавелли, Данте».( А .Тойнби, «Исследование истории», 167бет). Бұл индивидтер әсері кезінде. Шығармашылық азшылық та осы жол арқылы өзгерістер тудыра алады. Олар субқоғам болып, өз қоғамына мимесис тудыратындай жаңашылдық, жауап әкеледі. «Например, Афины во второй главе роста эллинского общества; Италия во второй главе роста западного общества и Англия в его третьей главе»( А .Тойнби, «Исследование истории», 167бет). Тарихтан белгілі жеке, бір ғана тұлғаның қалай қоғамға әсер ете алғаны. Ч.Дарвин, Н.Коперник, Конфуций, Сунь Ятсен, секілді ғалымдар өз қоғамының дамуына жеке индивид түрінде үлес қосқан. Осындай ірі тұлғалар мен азшылыққа мимесис жасау арқылы көпшілік те қоғамның теңдікте тұруына ат салысатыны мәлім. Алдында да айытылып кеткендей әр цивилизация әртүрлі азшылығының, соған сәйкес әртүрлі жауаптарының болуына қарай даму процестеріне түсіп тұрады. Кей өркениеттер даму шегіне де жеткен, кейбіреуі жете алмай құлдыраған, ал қайсыбіреуі жетуге тырыспаған да. Даму кезеңі өркениетті көрші немесе басқа әлсіз өркениетке әсер етуге ұмтылдырып тұрады. Себебі, өзінің күші артып тұрғандықтан оған әсер ету арқылы дамуын одан ары күшейтуге тырысады. Алайда даму кезеңі жақсылықпен қатар ең қауіпті кезең. Бұл кезде өркениеттер қыл үстінде жүреді. Өйткені, кез-келген сәтте құлдырау сатысына көшіп кетуі ғажап емес.
«Природу надлома можно обобщить в трех пунктах: нехватка творческой энергии у творческого меньшинства, которое с этого времени становится просто «правящим» меньшинством; ответная потеря преданности и прекращение мимесиса со стороны большинства; последующая утрата социального единства в обществе в целом.»( А .Тойнби, «Исследование истории», 167бет).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет