1.Педагогиканың қай саласы оқыту процесіне арналған, оның ғылыми атауы қандай?
2.Дидактика қандай мәселелерді қарастырады?
3.Оқу – деп нені айтамыз? Оқыту мен оқудың қандай айырмашылығы бар?
4.Оқытудың тәрбиеге қарағанда ерекшелігі қандай?
5.Оқытудың компоненттеріне не жатады?
6.Оқытудың ғылыми негіздеріне не жатады?
7.Оқытудың қызметі немесе фнукциялары дегеніміз не? Оларды атаңыз.
8.Оқыту мотивтері дегеніміз не және олардың жолдарын атаңыз.
9.Оқыту заңдылықтары мен принциптері дегеніміз не?
10.Оқытудың түрлерін және олардың жеке-дара ерекшеліктерін сипаттаңыз.
11.Оқытуды психологиялық-педагогикалық негіздері дегеніміз не?
12.Оқытудың құрылымына не жатады?
8-тақырып. Мектепте қазіргі кездегі білім беру мазмұны. Білім беру – дидактикалық категория, оның мәні мен атқаратын қызметі. Білім мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Білім мазмұнының негізгі компоненттері: табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам, іс-әрекет жайындағы білімдер негіздері. Педагогика тарихында білім мазмұнындағы негізгі мәселелер және педагогикалық көзқарастар. Бүкіл адамзаттық мәдениет, әлеуметтік тәжірибе білім мазмұнын анықтаудың негізі. Қазақстан Республикасындағы “Білім туралы” заңы.
Білім беру мазмұнының құрылымына сипаттама, оның мазмұнын жаңарту, оған әсер ететін факторлар. Жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру, олардың өзара байланысы. Ғылыми техникалық революция және білім берудің даму мәселелері. Білім беруде шығармашылық әрекет түрлерін меңгеру, игерілген білімдерге құндылық-сезімдік қатынастарын тәрбиелеу. Білім берудің тұлғалық-бағдарлық тұжырымдамасы.
Білім берудегі жеке пәндердің мазмұнын анықтау ұстанымдары. “Жаңа буын” оқулықтарға сипаттама. Оқытудағы пәнаралық байланыс мәселесі.
Білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттар. Білім беру және оқыту процесінде оқу жоспары, бағдарламалар және оқулықтардың маңызы, оларға сипаттама. Оларды үнемі жетілдіріп отыру - қоғам талабы.
Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік стандарты, оның мәні. Вариативтік білім берудің даму стратегиясы.