А. Х. Темірбеков атындағы «Педагогика және психология» кафедрасы



бет8/25
Дата23.05.2023
өлшемі68,73 Kb.
#96278
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
А. Х. Темірбеков атында ы «Педагогика ж не психология» кафедрасы

Студенттердің өздік жұмыстары.

1.Педагог ғалымдардың тәрбие мазмұнына қатысты көзқарастарын кесте арқылы негіздеу.
2.Тәрбие мазмұнының негізін құрайтын ұлттық құндылықтардың сызбасын құру.
3.Проект жұмыстарын қорғау.
4.Мерзімді педагогикалық басылымдар негізінде тақырыпқа сай материалдар жинап, оларға анатация жазу.
5.Тақырыпқа сай 5 сұрақтан тест жұмыстарын әзірлеу.
6.«Біртұтас педагогикалық процесстегі» тәрбие мазмұнының құрылымдық-мазмұндық моделін құру.

  • Бақылауға арналған сұрақтар.

1.«Тәрбие мазмұны» дегеніміз не?
2.Мектептің, жанұяның, мектептен тыс тәрбие мекемелерінің тәрбие жұмыстарының мазмұндары қандай болуы керек?
3.Мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстары мазмұнының негізі ретінде оқушыларды тәрбиелеу бағдарламалары болу керек пе?
4.«Базалық мәдениет» дегеніміз не?
5.«Құндылық» және «құндылық қатынас» дегеніміз не?
6.Ұлттық құндылықтар тәрбие мазмұнының негізі бола ала ма?
7.Тәрбие жұмысының бағыттары немесе тәрбиенің салалары дегенді қалай түсінесіз?
8.Тәрбиенің салаларын атаңыз және олар тәрбиенің мазмұны бола ала ма?


6-тақырып. Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері.
Дәріс мазмұны.
Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері туралы ұғым. Тәрбие процесінде оның формалары мен әдістерінің мәні және қызметі. Тәрбие формаларының түрлері және оларды сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану маңыздылығы.
А.С.Макаренко тәрбие әдістері туралы. Тәрбие әдістерінің түрлері. Тәрбие әдістерін топтастыру, ол туралы педагогикалық еңбектердегі әртүрлі көзқарастар.
Тәрбиенің мақсаты және мазмұнына сай әдістерді негізінен 3 топқа бөліп қарастыру. Жеке тұлғаның қоғамдық санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі. Оқыту процесінде және сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарда жеке тұлғаның өмірлік позициясын, көзқарасын, сенімін тәрбиелеуде әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекция әдістері мен үлгі-өнегенің маңызы. Этикалық әңгімелер.
Іс-әрекетті ұйымдастыру, қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру немесе жаттығу әдісі. Оқушылардың өмірін және қызметін қоғамның талабына сай дұрыс ұйымдастыру тәсілдері: талап қою, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, тапсырмалар беру т.б.
Тәлімгерлердің санасына жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру. Әдеттер мен дағдыларды үйрету ерекшелігі.
Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру және жағымды мінез-құлықты қалыптастырудың белсенділігін арттыруда мадақтау және жазалау әдістерінің маңызы. Мадақтау мен жазалаудың психологиялық негіздері. Мадақтау мен жазалаудың тәсілдері.
Жарыс - оқушылар ұжымының жауапкершілігін, белсенділігін арттыруда ынталандыру әдісі. Тәрбиеде жарыстың ұжымдық және дара түрінің маңызы.
Бақылау, өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі баға беру әдістері. Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары және олардың өзара байланысы, оларға қойылатын педагогикалық талаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет