1.«Біртұтас педагогикалық процесс» ұғымы мазмұны дамуының хронологиялық кестесін жасау.
2.Педагогикалық әдебиеттер бойынша «педагогикалық процесс» ұғымына салыстырмалы талдаудың кестесін құру.
3.Педагогикалық процестің компонеттерінің сызбасын құру.
4.Тақырыпқа сай 5 сұрақтан тест жұмыстарын әзірлеу. 5. «Біртұтас педагогикалық процесстің»құрылымдық-мазмұндық моделін құру.
Бақылауға арналған сұрақтар.
1.“Объект” және “пән” деген ұғымдар қай ғылымға қатысты және олар нені білдіреді?
2.“Біртұтас педагогикалық процесс” дегеніміз не, оның оқу-тәрбие процесіндегі маңызы қандай? Оның ерекшеліктерін неден көруге болады?
3.“Дамудың қозғаушы күштері” деген ұғымды қалай түсінесіз? Оларға не жатады?
4.Педагогикалық процесс үшін қандай қайшылықтар тән?
5.“Заң”, “заңдылық”, “принцип” деген ұғымдарды қалай түсінесіз және олардың “педагогикалық процеспен” байланысы қандай?
4-тақырып. Біртұтас педагогикалық процестегі тәрбие. Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері. Көрнекті ағартушылар мен педагогтардың адам өміріндегі тәрбиенің қызметі жайында пікірлері. Тәрбиенің өзіндік ерекшеліктері және қызметі.
Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің маңызы. Өзін-өзі тәрбиелеудің жолдары. Қазіргі кезде білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Бүгінгі таңда тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жаңа көзқарастар жүйесін басшылыққа алу маңыздылығы.
Тәрбие заңдылықтары мен принциптері, олардың өзара байланысы.
Негізгі ұғымдар:тәрбие процесі, мәні, ерекшеліктері, қызметі, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, тәрбие жұмысына жаңа көзқарастар, тәрбие заңдылықтары, принциптері.
Семинар сабағының жоспары.
1.Тәрбие процесі, оның мәні мен құрылымы, өзіндік ерекшеліктері. 2.Тәрбие процесінің қозғаушы күші, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу. 3.Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері, олардың өзара байланысы. 4.Қазіргі кездегі мектеп оқушыларының тәрбиесінің ерекшеліктері.