п о
2-ТАРАУ. XVIII — XIX ғасырдың алғашқы жартысындагы қазақ қогамында ...
- XVII-XVIII ғасырлардағы ішкі жэне сыртқы факторлар ка
зак қоғамындағы батырлардың саяси,
элеуметтік статусқа
ие болуына қолайлы жағдай туғызды. Хандық биліктің әл-
сіреуі тұсында саяси басымдылық батырлар қолына өтті.
XVIII ғасырда батыршылық институтының күрделі
қалып-
тасу үдерісі аяқталып, ол өзінің
дэл осы кезеңдегі өзіндік
қызметін атқарды;
- оқу құралының хронологиялық шеңберін қамтитын уақытта
батыршылық институты қазақ қоғамының ішкі саяси кеңіс-
тігінде барлық белгілері бойынша жетекші орынға ие бол
тан. Нақтырақ айтқанда қоғамда жүзеге
асырылатын саяси-
әлеуметтік іс-эрекеттердің барлығы батыршылық институ-
тының шешімі арқылы реттелген;
- батырлардың ішкі саяси жүйедегі әлеуметтік-экономикалық
қызметі «барымта», «олжа», «сауға»
тэрізді ұғымдар арқы-
лы сипатталған;
- барымташылдықтан батырлыққа өтуде өзіндік орны болған
барымта - тек көшпелі халықтарға тэн ұғым. Ол
- кейбір
зертеушілердің жазып кеткеніндей қарақшылық немесе ұр-
лық емес, керісінше көшпелі қоғамдағы ру-тайпалардың жэ
не олардың лидерлерінің болмысын анықтайтын құбылыс.
С туден ттер дің өз біл ім ін тек серуге арналған сүрақтар:
1. XVII ғасырдың ағы - XVIII ғасырдың басындағы қазак қоғамының
ішкі жэне сыртқы саясатының даму ерекшеліктерін сипаттаңыз.
2. «Батыршылык институты» жэне «барымта», «сауға», «олжа» ұғымдары.
3. Хан билігі: құқық жэне қызметі. Хан Кеңесі.
4. Әскери демократия жэне батыршылық институты.
5. Батыршылық институтының қызметінің
жыраулар поэзиясында
сипатталуына талдау жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: