А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Байболұлы Қ. Еңсеген бойлы Ер Есім // Қазак үні. -2 0 1 0 . - 17 наурыз



Pdf көрінісі
бет163/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   219
456
 Байболұлы Қ. Еңсеген бойлы Ер Есім // Қазак үні. -2 0 1 0 . - 17 наурыз.
457
Байболұлы К- Есім хан туралы жыр. - 5 4 б.


4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
173
талдай отырып, оның батыр, әскербасы, жауынгер, жорықшы 
болғандығын айта келе: «Шалкиіз поэзиясының рухы - ерлік. 
Жыраудың кей шығармалары майдан даласының өзінде туғанға 
ұқсайды» деп тұжырым жасайды458
Ақтамберді жырау да - ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қо- 
лының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ол атақты Қара- 
керей Қабанбаймен бірге Найманның рубасы көсемі, эскербасы 
батыры. Сонымен қатар, Ақтамберді жортуыл жыршысы, әлеует- 
ті жырау болған. ...Ол ойраттарға қарсы күресті ұйымдастыру- 
шылардың алдыңғы сапында жүреді, елге ұйытқы болады. Басы- 
нан таяқ өтіп, қаннан қаймыққан, бет-бетімен бас сауғалап кетуге 
айналған жұртқа жанқияр ісімен де, жалынды жырымен де дем 
береді459
Дэстүрлі қазақ қоғамына тэн құндылықтар жүйесіндегі батыр- 
лар институтының орнын қарастырғанда батырлар атының бей- 
несіне де тоқталмай өтуге болмайды. Белгілі зерттеуші А. Вебер: 
«Орталық Азиядан шыққан көшпелі халықтардың Қытай, Үн- 
дістан жэне Батыс елдеріне баса-көктеп жетуі (ежелгі дүниенің 
осынау ұлы мәдениеттері көшпелілерден жылқыны пайдалануды 
үйренді) дүниенің үш атырабына да бірдей ықпал етті, ат үстін- 
дегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі 
дүниенің ұлы мәдениеті бар мемлекеттерін жаулап алды. Қиын- 
қыстау тіршілік пен қауіп-қатері мол жорықтар арқылы дүниенің 
жалғандығын түсінді, үстем нэсіл ретінде олар дүниеге ерлік пен 
трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш етті», 
- дей келе көшпелі халықтарды эпос тудырушы халық ретінде 
даралап көрсеткен460 Сондықтан батырлардың қазақ қоғамында- 
ғы құндылықтар жүйесіндегі алатын орнын қазақ эпостарындағы 
батыр тұлпарының бейнесімен бірге қарастыру қажет.
Себебі, батырлардың басты өзгешеліктерінің бірі - өздеріне 
сай арғымақтарының болуы. «Ер қанаты - ат» демекші батырлар 
өзінің жеңістеріне астындағы қазанаттарының көмегімен де қол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет