А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Мағауин М. Ғасырлар бедері. - Алматы: Жазушы, 1991. - 51 б



Pdf көрінісі
бет164/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   219
458
 Мағауин М. Ғасырлар бедері. - Алматы: Жазушы, 1991. - 51 б.
459
 Мағауин М. Ғасырлар бедері. — 67 б.
460
 Карл Ясперс. Смысл и назначение истории / пер. с нем. - М : Политиздат, 1991. - С. 46.


1 7 4
4-ТАРАУ. Батыр - элеуметтік-мәдени категория
жеткізе алады. Сондықтан олардың аттары да өздеріне сай ақыл- 
ды, сүйекті, ірі, тұрақты болып келген. Р.С. Липец эпостағы арғы- 
мақтардың батырларға берер көмегі мен олардың күтімі туралы 
барынша толық баяндап жазып кеткен461 Ал, қазақ эпосындағы 
ат образы жеке бейне емес, эпостың бас кейіпкерімен біртұтас 
бір бейне ретінде көрінеді. Сондықтан батырларды ат бейнесінен 
бөліп алып қарастыру мәселені толықтай зерттеуге мүмкіндік 
бермейді.
Қ. Ахметжанов батырлардың арғымақтары туралы, қолданыс- 
тағы «Қазанат», «Пырақ», «Дүлдүл» сөздеріне түсінік беріп ке- 
теді. Сондай-ақ зерттеуші арғымақ жергілікті жерге бейімделген, 
қазақтың өзіндік сұрыпталып өсірілген асыл жылқы тұқымы деу- 
ге болады. Сондықтан бұл жылқы тұқымы батырлар сословиесі- 
мен тікелей байланысты, - деп тұжырым жасайды 462. Көбінесе 
батырлар жырында батырдың аты өзіне серік, жебеуші, құтқару- 
шы, қасиетті жануар ретінде суреттеледі. Батырлар жырындағы 
Алпамыстың Байшұбары, Ер Тарғынның Тарланы, Қобыланды- 
ның Тайбурылы өте әсіреленіп берілсе де, жоңғарлар мен өзге де 
сыртқы жауларға атойлап қарсы шапқан қазақ батырларының ар- 
ғымақтары жауды жеңіп шығу жолында елеулі үлес қосып, иелерін 
қауіпті сәттерден аман алып қалып отырған. Ғалым М. Мағауин 
өзінің қазақ эпостарындағы батырлар жырына арнаған «Тозбас 
мұра» зерттеуінде Тарғынның Тарлан атты арғымағының да дене 
бітімі бөлек болып суреттелгеніне арнайы тоқталады 463
Ел аузында сақталған әңгімелерге қарағанда Қарасай батыр- 
дың аламан айқасқа мінетін аты басқа да, жол сапарға мінері бас­
ка болған. Бірде сапарға мінетін аты - Саңлақкерді қалмактар 
қуып кеткеніне қарамастан батыр ебін тауып алып қайтқан 464.
Ал, Қаракерей Қабанбай батырдың Қубасымен талай қиын- 
дықтар мен ауыр кезеңдерді бірге өткізгені, батыр өзінің Қуба- 
сымен серттесіп, тілдескені екеуінің алапат соғыстарда бір-біріне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет