сақталмайтындығын атап өтеді. Автор үлеске берілген жерлердщ
үнемі өзгеріп отырғандығын, соған байланысты бұл үлестердің
иесі болып саналған әмірлердің қол астына қарасты жүздік, мың-
дықтарымен бірге көші-қон аумақтары да өзгеріп отырғандығын
ж азады177 Бірақ уақыт өте келе, атақты, белгілі бір ұлыс билеуші-
лері ретінде батырлар мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінде
маңызды рөл атқарған тұлғалар ретінде қайта көріне бастайды.
М ысалы, ортағасырлық деректерде эмір Темір мен Тоқтамыс хан
арасындағы шайқасты сипаттай келе, Тоқтамыс хан Бахриндер
ұлысының басшысы болған Яғлы бай баһадүр Бахринге ертеңгі
ұрыста сол қанат әскері қүрамында шайқасуға бұйырғанын ха-
барлайды. Сонымен ертеңгі шайқасқа, Яғлыбай (Жақсыбай) ба
хадур өзінің елімен (иль - өз тайпасымен) сол қанат әскері кұ-
рамында шайқасады. Міне, осы кезеңнен бастап, - дейді дерек
авторы, Бахриндер ұлысы өзбек сұлтандарының қүрылтайында
сол қанаттан орын алды 178
Деректерге зер салсақ, жергілікті ру-тайпа өкілдерінің (батыр,
би немсе т.б тұлғалар) моңғол шапқыншылығы дәуірінен кейін
біршама элсіреген қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігінің тек
XIV ғасырларға таман ғана қайта күшейе бастағанын байқауға
болады.
Себебі, алғашқы кезеңдегі моңғолдық билік пен олар құрған
мемлекеттердің қуаты уақыт өте келе әлсірей бастайды. Уақыт
өте келе жергілікті ру-тайпалар мен салт-дәстүрлер қайтадан
бел алып, моңғолдық факторды жұта бастайды. Осындай жағ-
дайда жергілікті түркі жэне түркіленген ру-тайпа әмірлері дер-
бестікке ұмтылып, XIV ғасырға дейінгі кезеңмен салыстырғанда
мемлекеттің әкімшілік-саяси өмірінде маңызды рөл атқара бас
тайды. Бұл үрдіс XIV-XV ғасырларда күшейіп, анық байқалды.
М.Г. Сафаргалиев та ортағасырлық араб тарихш ысы әл-Омари-
дің Өзбек хан туралы: «өз мемлекетіне қатысты істерде ол (яғни.
Өзбек хан) тек істің жалпы сипатына ғана назар аударып, оның
мән-жайына тереңдеп бармай, ол туралы өзіне берілген есептер-
Достарыңызбен бөлісу: