1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы жэне дамуы
51
мен ғана ш ектелед і...» деп жазған мәліметтерін негізге ала оты-
рып, осы тұста мемлекеттік биліктің бүкіл
маңызды тетіктерін
қолдарына ұстап тұрған әмірлер билігінің күшейе түскендігін
атап өткен болатын179
Мәселен, Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы шайқастарды
баяндайтын авторлар Тоқтамыс әскерін басқарған әмірлер мен
нояндардың
есімдерін, олардың кейбіреулерінің шыққан тайпа-
сын да нақты атайды. Деректерде Жошы ұлысының осы кезеңдегі
әмірлері мен нояндары ретінде: «Әли Сүлеймен Суфи Қоңырат,
Наурыз Қоңырат, Ақтау,
Урусчук Қият, Исабек, Хасанбек Сарай,
Көке-Бүғы, Жағлы би Бахрин, Қоңыр би есімдері аталады. Бұдан
эрі қарай талдасақ, Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы екінші
шайқас кезіндегі Тоқтамыс
әскерінің қатарында Ақтау, Дэуіт со
фы, Удурку, сондай-ақ жоғарыда аталған Исабек пен Жақсықожа,
кезінде Орыс ханнан Тоқтамыс жағына өтКен Қазан бахадүр мен
¥рық-Темір есімдері белгілі180
XTV-XV ғасырлар арасында Дешті Қыпшақ даласында, Орда
Ежен ұлысына, яғни Ақ Ордаға қараған түркі тайпаларынан шық-
қан Алаш баһадүр есімі де тарихтан белігілі. Ортағасырлық сәу-
лет өнерінің ескерткіші Алаша хан
мазары осы тарихи тұлғаның
басына орнатылған деуге негіз бар. Монгол үлыстары ыдырар
тұста, жаңа әлеуметтік жэне территориялық бөліністер бастал-
ғанда, Алаш ұлысына кіретін түркі
тайпалары әскери тұрғыдан
мыңдықтарға бөлінді, міне, осыған байланысты «үш сан Алаш
мыңы» деген үғым пайда болды. Қадырғали Жалайыри олардың
есімдерін нақты атап көрсеткен181 Ш.Уәлиханов
кезінде Әмір
Темір мен Тоқтамыстың арасында болған қантөгісте осы оқиға-
ға қатысқан Алаш балалары туралы айта кеткен еді. Осы дерек-
ті өзінің зерттеуінде пайдаланған М.Тынышпаев
Әмір Темірдің
Достарыңызбен бөлісу: