64
1-ТАРАУ. Қазак коғамындағы батырлык дәстүрлердін тарихи бастауы ...
Тұтастық бұл — үрдіс, сондықтан да құрылым оны уақыт кеңісті-
гінде ұйымдастыру болып табылады.
Жалпы кұрылымдар ішінде элеуметтік құрылымның өзіндік
белгілері қандай? Әлеуметтік өмірді
құрылымдық тұрғыдан тал-
даудың өзіндік үлкен тарихы бар. Табиғат туралы ғылымда құры-
лым түсінігі бір бүтінді құрайтын бөліктердің өзара байланысын
сипаттау үшін, XVI ғасырдың соңында-ақ пайдаланыла бастады.
Ал, «әлеуметтік құрылым» терминінің өзі тек 1945 жылдан кейін
ғана айналымға енді.
Малиновский мен Радклифф-Браун қоғам құрылымы туралы
мәселені алғашқылардың бірі болып көтерді.
Радклифф-Браун
басты мақсат - қоғамның өмір сүруі деген. Ол өмір сүру үшін
социум мүшелерінің бірігуін қажет етеді. Әлеуметтік бірігу қыз-
метін әлеуметтік институттар атқарады. Оның пікірінше,
қоғам
- тұрақтылығымен, төзімділігімен ерекшеленетін әлеуметтік
құрылым.
Биология да, қоршаған ортамен айырбас арқылы құ-
рылымдық тұрақтылықты ұстап тұрған үдерісті өмір деп атай-
ды.
Қоғамның өмірі дегеніміз, оның құрылымдарының ішкі ке-
лісімділікпен, үйлесімділікпен жұмыс жасауы, басқаша айтқанда
Радклифф-Браун әлеуметтік жүйе элементтерінің бірлігі гипоте-
засын алға тартады. Кез келген заттың
атқаратын қызметі оның
бүкіл жүйені сау қалпында ұстап тұруына бағытталады.
Әлеуметтік антропологияның осы мектебінің көшбасшылары
басты назарды біртұтас ағза (тайпа, қауым, нақты тарихи қоғам)
ауқымында нақты қоғамдық институттар ие қызметтерін зерттеу-
ге аударады.
Бұл мектеп 1920 жылдары мойындалды. Әлеуметтік құрылым-
дар тұрақты қалыпта қалу үшін қызмет етеді деп сенгендіктен ку
ры лымдылық (структурализм - авт.) себепті механизмдерге назар
аудармады. Расында да қоғам бір ағза ма,
бір қоғаммен екінші
қоғам арасына қаи жерге шекара жүргізуге болады, патологиялық
жағдайдағы қоғам мен сау қоғамды қалай ажыратуға болады де
ген сияқты кейбір сұрақтарға жауап берілмеді.
Әлеуметтік ережелер (латынша
n o r m a
- басқарушы бастама,
ереже, үлгі) - топтар мен индивидтердің тэртібін реттеу қүралы.