2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-катынастағы орны мен ролі
1 1 7
- деп келетін жыр жолдары ел алдындағы батыр борышының бір
қырын көрсетеді.
Сол кезеңдегі жекелеген батырлардың
сыртқы саясаттағы бір
белгісі саналатын ұрыс даласындағы іс-қимылдары жыраулар
поэзиясында өзінің басты орнын алған.
Соның негізінде ел ба-
сынан өткен, халық тағдырына терең із қалдырған тарихи жэне
саяси оқиғалар нақты
тұлғалардың бейнесі арқылы, солар өмір
кешкен, азаттық жолында арпалысып өткен заман кеңістігі арқы-
лы көркем жырланды. Оның басында Бұқар жэне Үмбетей тэріз-
ді жыраулар тұрып, қарастырып
отырған тақырыбымыз олардың
жырларының мазмұны болтан. Мысалы, мына жыр үзіндісіне на-
зар аударсақ:
«Қалданменен ұрысып,
Жеті күндей жүрісіп,
Сондағы жолдас адамдар
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шақшақұлы Жэнібек,
Сіргелі қара Тілеуке,
Қарақалпақ Құлашбек,
Тігеден шыққан Естербек,
Шапырашты Наурызбай,
Құдаменді Жібекпай қасында,
Бақ-дәулеті басында
Секербай мен Мүбекбай
Таңсық қода, Мамыт бар,
Қасқараүлы Молдабай,
Қатардан жақсы қалдырмай,
Айнақұл Бәти ішінде,
Өңкей батыр жиылып
Абылай салды жарлықты»326
Бұл жыр жолдарынан ел басына қауіп бұлты үйірілген шақта
батырлар
тобының бір ту астына жиылып, өздерінің басты мін-
деттерін атқарғандығын аңғарамыз. Мұның өзі тағы да біздің жо-
ғарыда түйген тұжырымдарымызды бекіте түседі.
326
Қазак ақындарынын поэзиясы. - 47 б.