2.2. Батыршылық институтыньщ сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
1 2 9
Сүйікті туған ерлерге,
Табылмас мұндай азаттық.
Қазақ үшін қан төккен
Өздеріңдей ерлерге...»350
Жалпы бұл жыр үзінділері қазақ тарихында елі үшін еңіреп
өмірінің көп бөлігін ат үстінде өткізген батырлардың іс-әрекетте-
рін анықтап тұрғандай.
Батырлардың сыртқы саяси белеете танылған тағы бір қызме-
ті - елшілік. Қазақ хандығының көршілес
орналасқан елдермен
түрлі мэселелерге байланысты жүргізген келіссөздері, қазақ хал-
қының мүддесі үшін
өзге елге барған елшілер, қазақтарға сырт-
тан келген елшіліктер қарастырылып отырған жаугершілік заман
шындығының ажырамас бір бөлшегі. Өйткені,
қаншама қан төгі-
ліп, ел зұлмат шеккен заман болмасын елді жаудан қорғау, халық-
тың болашаққа деген сенімі мен мүратын жүзеге асыру тек қана
шапқыншылық, үрыс - сотые жолдары арқылы орындалмай, бей-
біт келісімдер негізінде шеіну де қарастырылған.
Бір сөзбен айт-
қанда, елдің мүддесін қортап, намысын жоқтау жэне ердің қүнын
даулау тэрізді қоғамдық маңызы бар қызметтер елшілік арқылы
шешімін тапқан. Сондықтан да елші
болу - мемлекеттік маңызы
бар өте жауапты іс. Халқымызда «елдестірмек елшіден, жаулас-
тырмақ жаушыдан» деген сөз тіркесі бекер айтылмаса керек. Өйт-
кені елшінің басты міндеті Қазыбек бидің жоңғар билеушісіне:
«Сен темір де мен көмір,
Еріткелі келгенмін,
Екі еліктің баласын
Теліткелі келгенмін.
Егесетін жау шықса,
Иілткелі келгенмін»351,
—
деп айтқандай екі ел
арасындағы соғысты тоқтатып, бейбіт қа-
рым-қатынас орнату. Егер қандай да бір жағдайларға байланысты
келісім жүзеге аспай қалса елші:
Достарыңызбен бөлісу: