гін
біле тұра, мұндай қадамға баруын саяси қадам деп бағалауға
болады. Яғни, соғыстың тек ұрыс даласында ғана емес,
сырттай
саяси жүрістер арқылы да жүргізуге болатындығын ескерген ба-
тырларымыз қытығына тиюге тырысқан тэрізді. Олардың мұндай
шешімдері нэтиже де берген болатын. Мәселен Галдан Церен Қа-
расақалды өлтіру үшін адам жалдаса, Ресей жағы Әбілқайыр хан-
ға оны ұстап беруді тапсырған. Ханның жоғарыда аталған би мен
батырдан Қарасақалды тартып ала алмайтындығы белгілі жэйт
еді. Сол себепті Әбілқайыр хан Ресейге жіберген хаттарының бі-
рінде Қарасақалды қайтару үшін наймандардың 30 адамын кепіл-
дікке алуды кеңес етсе, баласы Нұралы губернатор И. Неплюевке
мынандай мазмұндағы хат жазған: «қазақ еліндегі қашқындарды
жэне орыс тұтқындарын босатып алу үшін Орта Жүздегі Қараке-
сек руының
өкілі Қазыбек бидің балаларын, туыстарын, Қараке-
рей найман руының батыры Қабанбайдың балаларын, не болмаса
жақындарын ұстап алу қажет»331
Осыған ұқсас оқиға XVIII ғасырдың 50
жылдары тағы да
қайталанып, онда да зерттеуіміздің негізі батырлар институты-
ның өкілдері өздерінің қоғамдағы жетекші рөлді иеленетіндік-
терін тағы да дәлелдейді.
Толығырақ тоқталатын болсақ, арасы-
на он жылдан артық уақыт салып бұрқ етіп көтерілген башқұрт
халқы отарлаушы ел тарапынан тағы да басып жаншылады. Ен-
дігі жерде
көтеріліс басшылары ғана емес, біршама халық қазақ
даласына қарай ағылады. Кезінде М. Тевкелевті әкелгені үшін
Әбілқайырға қарсы шыққан Серке батыр,
сонымен бірге Бек-
баулы, Байдәулет, Қотыр тәрізді Кіші Жүздің батырлары оларды
өздеріне қабылдап, қорғаймыз деп уэде береді. Бұл үшін аталған
батырлар мен орыс экімшілігінің
бұйрығын сөзсіз орындайтын
Нұралы хан жасақтары арасында бірнеше адамның өліміне әкел-
ген қақтығыс та орын алады332 Осы жэне жоғарыда баяндалған
оқиғалар көшпелілердің, оның ішінде түркі
тілдес башқұрттар-
дың қазақ хан-сұлтандарынан емес, батырлар қауымынан қолдау
Достарыңызбен бөлісу: