2.2. Батыршылық институтыньщ сыртқы саяси қарым-катынастағы орны мен ролі
1 1 9
Батырлар жоғарыдағы тарихи-әдеби шығармалардың үзінді-
лерінде келтіріліп кеткен іс-эрекеттерді
орындаумен шектелмей,
сол кезеңдегі халықаралық қатынастардағы саяси оқиғаларға да
белсеніп кіріскен. Отан қорғау соғысындағы ерлік, соның нәти-
жесінде келген танымалдық батырлардың көршілес елдермен қа-
рым-қатынасқа түсуіне айрықша септігін тигізді.
Нақтырақ айт-
қанда қазақ батырлары көршілес елдердегі саяси оқиғаларды өз
пайдаларына жаратуға тырысты. Оның алғашқы бір дәлелі қазақ-
орыс жэне қазақ-жоңғар қатынастарында өзіндік орын қалдырған
қарасақал Шона оқиғасы. 1735-1744 жылдары Ресейдің отарлау
саясатына қарсы қарасақал (М. Юлаев) бүкіл башкүрт халқын
көтереді. Алайда күштің тең болмауына
орай көтеріліс жеңіліп,
ұйымдастырушылар жазалау шараларына ілікпеу үшін бас сау-
ғалап қашады. Көптеген тарихи деректерде көтеріліс жетекшісі
Қарасақалдың қазақтар арасынан қолдау тапқаны айтылады329
Тереңірек үңілсек оған Қабанбай батыр мен Қазыбек бидің сүйе-
ніш білдіріп, пана бергендіктеріне де көз жеткіземіз.
Қарасақал-
ды қабылдаған қазақтың қос айтулы тұлғасы оны Шона батыр
деп жалпақ жұртқа жариялап жібереді. Шындығында Ш она (Ш о
на - Лаузан) Цеван Рабданның Еділ қалмақтарының ханы Аюке-
нің қызымен некесінен туылған ұлы болатын. XVIII ғасырдың
басында Галдан Цереннің өзін тақ мұрагерлігіне үміткер ретінде
тірі қоймасына сенімді болған ол, нағашы жүрты Еділ қалмақта-
рына қашып барып, сонда 1732 жылы өлген330. Ал оның тірі екен-
дігі туралы жалған хабар бүкіл даланы дүр сілкіндіріп,
жоңғар
билеушісі Галдан Церенді ұйқыдан айырды. Осылайша Қараса-
қал Ресей үшін қайтадан башқүрт көтерілісін бастау мүмкіндігі-
мен, жоңғар хандығы үшін таққа үміткерлігімен қауіпті болды.
Осыны жақсы түсінген Қабанбай батыр мен Қазыбек би қазақ
билеушілерінің қарсылығына қарамастан оны барынша қорғап,
қолдаған. Әрине, қазақ батыр-билері оның шынайы Ш она еместі-
Достарыңызбен бөлісу: