А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


Сейдімбек А. Қазактың ауызша тарихы: шежірелік дерекгерді пайымдау. - Астана: Фо­



Pdf көрінісі
бет158/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   219
444Сейдімбек А. Қазактың ауызша тарихы: шежірелік дерекгерді пайымдау. - Астана: Фо­
лиант, 2008. - 304 б.
445
 Келімбердиев А.М. Ел қорғаны - батырлар // Ақтөбе. - 1993. - 16 қаңтар.
446
 Алдаспан. - 75 б.
447
 Дайрабай Т. Сырдың сырлы сыры. - Алматы: Арыс, 2005. - 83 б.


1 68
4-ТАРАУ. Батыр - элеуметтік-мэдени категория
Батырлар жырында батырлардың тұлгасы ерекше болады. Ол тіп- 
ті күн сайын, сағат сайын өседі. Дегенмен шынайы өмірдегі батыр- 
лардың түр-тұлгасы да келісті болтаны туралы қазақтың жыраула- 
рының шығармаларынан айқын аңғаруға болады. Базар Өтемісов: 
«Қас батырдың белгісі, қайтпайды салсаң араннан» десе, енді бірде:
«Батырлар жауға шапқанда,
Қолына жасыл ту алар,
Найзасын қарға асынып,
Алмасын қанға суарар», -
дейді448
Парпария жырындағы Аңшыбайдың мына даналы сөздері ба- 
тырлардың жалпы қағидаларын тізіп берген десе де болады:
«Орныңа тауып жұмсай біл,
Бойыңа біткен күш-қайрат,
Ақыл-ой мен сананың.
Дүниенің сыры көп,
Әккі жаудың қыры көп,
Жан-жағыңды шолып қарағын.
Өз бойыңа сай болсын 
Сауыт-сайман жарағың.
Тұлпар болсын мінгенің 
Сұңқар болсын ілгенің 
Сұлу болсын сүйгенің,
Асыл болсын кигенің» 449.
Батырлар жауынгерлік этикасын қатаң ұстанатын. Осындай 
тэрбиелік мэні бар дала кодексінің бірі - батырларға қойылатын 
талаптар жүйесі болды. Бұл талаптарды екіге бөліп қарастыруға 
болады. Біріншісі, сотые барысында қолданылатын жазылмаган 
заңдар - жекпе-жекке шыққанда кезекті бұзбау, жеңілген дұшпа- 
нына достарымен қоштасута рұқсат беру, қаруды дұрыс пайдала- 
ну. Үлкен айқастарда жекпе-жекке қатысу - батырлардың басты 
міндеті. Жауынгерлердің шын мэнінде батыр атануы осы жекпе- 
жекте жеңуден басталатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет