1 7 0
4-ТАРАУ. Батыр - әлеуметгік-мэдени категория
паған. Тағы бір ескере кететін жайт,
жекпе- жек заңдылықтары-
на сәйкес, ханға хан немесе хан ұрпағы шығып отырған. Хан не
төре тұқымын қарадан шыққан батырлар жекпе-жекке шақырма-
ған. Зерттеушілер жекпе-жек түрін төмендегідей топтастырады:
1. Батырлардың өзара күш сынасуы. 2. Соғыс тағдырын батырлар
жекпе-жегімен шешіп, қантөгісті азайту. 3. Жаудың батырын құр-
ту. Жекпе-жек алдында батырлар бір-бірінің аты-жөнін сұрасады.
Бұл кімді жеңгенін немесе жеңілгенін білу үшін керек еді», - деп
берілген 452.
Жекпе-жек алдында батырлар бір-бірінен «атыспақ керек пе,
шабыспақ керек пе» сұрайтын дэстүр қалыптасқан. Бұл олардың
бес қаруын түгел еркін меңгеріп, қарсыласына таңдау бергені. Бу
тан қоса, батырлар жасы үлкен, жолы үлкендеріне де жол ретінде
бірінші кезек беретін.
Қазақтың ауызша тарихындағы кейбір деректерде «алғадай»
деген ырым кездеседі. Бұл
ырым батырлар жырымен сусындап,
елі мен жерін қорғауға бала кезінен ынталанып өскен бозбала-
ның ең алғаш болып жекпе-жекке шығуы.
Жекпе-жекке шыққан
жас батыр «алғадай» деп аталады. Олар үлкен батырлардан бата
алып, жаудың батырымен шайқасқа түскенде өзінің жеңіске жете-
тінін немесе жеңіліске ұшырайтынын білмейді.
Сондықтан олар
өздерінің жаназасын алдын ала шығарып қоятын да дәстүр қа-
лыптасқан.
Екінші талап жауды жеңгеннен кейін орындалатын талаптар.
Бұл талаптарды - батырлар кодексі деп айтуға болады. Мысалы,
Парпария батыр елге танымал қарт батыр Аңшыбайдан бата алу-
ға барғанда ол былай дейді:
Жауыңды жеңіп ел алсаң,
Қатын балаға тимегін.
Жазыксыз жанды жылатпа,
Тарихи тамды құлатпа.
Қайратыңа мастанып
Кем адамды кемітіп,
Достарыңызбен бөлісу: