А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


Крживицкий Л. Антропология / пер. с пол. С.Д. Романовского-Романько; под ред



Pdf көрінісі
бет33/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   219
140
Крживицкий Л. Антропология / пер. с пол. С.Д. Романовского-Романько; под ред.
Р.И. Сементковского. - СПб.: Изд. Ф. Павленкова: Тип. А. Пороховщикова 1896. - С. 123.
141
Ратцель Ф. Народоведение: в 2 т-х. / пер. Д.А. Коропчевского. - 4-е изд. - Спб: Типог­
рафия товарищества «Просвещение», 1902. - Т. 1. - С.27.
142
Fletcher J. The Mongols: Ecological and Soscial Perspectives // Harvard Journal o f Asiatic
Studies. - 1 9 8 6 .- V o l. 4 6 , - N . l . - P . 11-50.


лы қойылуы керек. Мұндай себептерді төмендегідей топтастыру- 
ға болады:
1. Жеке немесе ұжымдық қауіпсіздік. Дала өмірі өзінің қауіп- 
қатерге толылығымен адамның жеке басы мен жақындарының 
қауіпсіздігіне жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Олар кез 
келген жағдайда орын алған кісі өлтіру, дене зақымын келтіру, 
дүние-мүлікке қол сұғушылық сияқты қатерлердің алдын алу 
үшін тек жеке басының батырлық қасиеттерінің басымдығымен 
ғана өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Ал, жоғарыда атап 
өткендей кикілжің себептері көшпелілердің күнделікті тұрмыс- 
тіршілігінде жиі кездесіп отырды. Көптеген зерттеушілер бұл 
жағдайды жалпы көшпелілер өмір салтының әскерилену сипа- 
тымен, яғни қару-жарақтың көптігімен, ер адамдардың жаппай 
қарулануымен, әскери ойындар мен топтық аң аулау дәстүрінің 
кең жайылуымен байланыстырады143 Ал, басты себеп ретінде
А.Я. Гуревич көшелілер қоғамындағы жеке тұлғаның бас бостан- 
дығының жоғары бағалануын атайды144
2. Мүліктік кикілжіңдер. Көбінесе көшпелілердің басты бай- 
лығы - малға байланысты туындайды. Барымта - дэстүрлі-қү- 
қықтық институттың қүралы ретінде белгілі. Барымта негізінен 
ашық түрде жүргізілген. Малдарын ұрлатқан жақ міндетті түрде 
кінәлілердің малын қуып алады. Бүл шын мэнінде үрланған дү- 
ние-мүлкінің толық қайтарылуының кепілдемесі болып табыл- 
ған. Батыры бар, қаруы сай ру, тайпа ғана өзінің мүліктік қауіпсіз- 
дігіне қол сұғушылықтан толықтай болмаса да, біршама тәуелсіз 
саналған.
3. Жер. Көшпелілер арасында негізінен басты жайлымдық 
жерлер үшін өзара қақтығыстар жиі болып тұрды. Су көздері ор- 
наласқан жайылымдар, сонымен қатар өңделетін жерлер мен ке- 
руен жолдарының барлығы негізі жер иеліктері ретінде көшпелі 
тайпалардың өз ішінде жэне отырықшы көршілерімен бейбіт жэ- 
не әскери эрекеттерінің объектісі болуы мүмкін еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет