Адамзат қоғамының дамуында ерекше рөл атқарған оқиғалар-
дың бірі жылқыны қолға үйрету
мен жылқы шаруашылығының
пайда болуы болғаны белгілі. Жылқыны қолға үйретумен ежел-
гі ру-тайпалардың өмірінде аса зор өзгерістер орын алды. Енді
олар алыстарға ұзап көше бастаса, ру-тайпалардың мұндаи қоныс
аударулары олардың өзара әскери қақтығыстарын да күшейте
түсті. Жылқы өсірудің, қолөнердің (тері өңдеу, әскери қару жарақ
жасау ісі, жылқының ер тұрманын жасау жэне т.б.) дамуымен. яғ-
ни қоғамдағы екінші еңбек бөлінісінің, қолөнердің бөлінуіне бай-
ланысты қоғамдық құрылымда да елеулі өзгерістер пайда болды.
Әскери қақтығыстар жиілей түскен сайын түрақты әскерилер, яғ-
ни соғыс ісіне «маманданған» жауынгерлердің
болуы заңдылық-
қа айнала бастайды. Олар жауға тойтарыс беруге эрі өздері де тұ-
рақты эскери жорықтар ұйымдастырып тұруға тиіс еді. Міне, осы
жауынгерлер болашақтағы тек қазақ қоғамына тэн батырлар инс-
титутының негізгі әлеуметтік қызметін - батырлардың азаматтық
істерге араласуынан басқа элеуметтік сипатының негізгі қыры, ең
басты ерекшелігі дэстүрлі қоғамда
олардың тек эскери кәсіппен
айналысуын қалыптастырды.
Сібір аумағында жүргізілген археологиялық зерттеулерде те-
мір дэуірінде Батыс Сібір аумағында атты жауынгер-батыр культі
орнағанын көрсетіп отыр. Атты жауынгерлердің қола мүсіндері-
нің көптеп табылуы батырлар мен
эскери көсемдерді құдаймен
теңестіру түсінігі қалыптасқанын, бұл
өз кезегінде батырлардың
сонау ежелгі замандардан-ақ қоғамдық өмір мен әлеуметтік саты-
да маңызды орын алғанын көсетеді159
Г.А. Федоров-Давыдов Еуразия көшпелілерінің өнерін талдай
келе, Копен чаа-тастың бедерлері мен Сулек жазбасының бейне-
лерін сипаттай келе: «в Сулекской писанице воплотился очень яр
ко
образ степного воина, который во главе своих отрядов совер
шал грандиозные завоевания и образовал в VI-VII Вв. огромный
каганат,
а затем серию государств, таких как Кыргызская держа-
Достарыңызбен бөлісу: