А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


  Ильясов С.М. Земельные отношение в Киргизии в конце XIX - начале XX в. - Фрунзе



Pdf көрінісі
бет36/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   219
147 
Ильясов С.М. Земельные отношение в Киргизии в конце XIX - начале XX в. - Фрунзе
Киргизгосиздат, 1963. - С. 41.


1.2. Батыршылық институтының калыптасуы жэне дамуы
39
Көшпелілер өздерінің отырықшы көршілерінің жайылымда- 
рын пайдаланған, олар ауылдарға жэне қалаларға саудамен айна- 
лысу үшін көшіп барған. Көшпелілер парға қалдырылған жерлер- 
ге өздерінің малын жайғанымен, ол жер тыңайтқышпен тыңаятын 
болған. Бұл отырықшы жэне көшпелі тұрғындардың арасындағы 
қарым-қатынасты жақсартуға эсер еткен.
Жайылымдар сияқты, онда орналасқан су көздеріне меншік 
ұжымдық немесе жекеше болған. Оны пайдалану құқығы эр түр- 
лі. Қалыптасқан дэстүрге қарамастан, бұл құқықтың бұзылуы 
жайылымдық жерлердегідей шиеленістерге алып келген.
Көшпелілер өңдейтін жерлерді бүзу да әскери қақтығыстарға 
түрткі болатын еді. Сондай-ақ керуен жолдары өтетін көшпелілер 
жеріндей су көздері тайпалардьщ немесе көшпелі, отырықшы би- 
леушілердің арасындағы соғыстың тұтануының басты себебі болатьш.
4. Саяси үстемдікке ұмтылу. Әлсіз ру-тайпаларды бағынды- 
румен қатар отырықшы-егінші халықтармен басты сауда-тауар 
орталығы болып табылатын аймақтар үшін де жиі-жиі күрестер 
жүргізуге мэжбүр болды.
5. Көшпелілердің кең көлемді шапқыншылықтары. Тарихта 
мұндай шапқыншылықтардың мысалдары өте көп. Зерттеушілер 
мұның себептерін эр түрлі түсіндіруге тырысқандарымен, негізі- 
нен олардың пікірлерінің басым көпшілігі экологиялық теорияға 
келіп саяды. Дегенмен осы теориялық бағытты қолдаушылардың 
өзі мұны екі қарама-қарсы көзқараспен түсіндіреді. Алғашқылар 
көбінесе өз пікірлерін көшпелілер қоғамындағы оң өзгерістермен 
байланыстырады. Мэселен, мал немесе адам санының өсуі жа- 
ңа жайылымдық жерлер іздеуге итермелейді. Бұл пікір алғаш рет 
Ибн Халдунның еңбегінде көрініс тапқан еді. Ал екінші топта- 
ғылар керісінше, табиғат апаттары қүрғақшылық, жұт жэне т.б. 
көшпелілерді жаңа жерлерді басып алуға итермелеген басты се- 
беп деп түсіндіреді.
Еуразияның, соның ішінде орталық-азиялық аридті аймақ 
эрқашан климаттық толқулар үдерісіне жиі ұшырап отырған148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет