1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы және дамуы
47
цев Рашид ад Диннің мәліметтеріне сүйене отырып,
моңғолдар
туралы: «... көбінесе,
эсіресе соғыс, ірі аң аулау кездерінде тай-
па кеңесі жетекші көсем (Вождь предводитель) сайлайтын, олар
бейбіт кезеңдерде де көсемдер болып қала беретін.
Оларды не-
гізінен хаан деп атайтын», - дей келе ежелгі моңғол тайпалары-
ның көсемі - хаандар негізінен тек сотые кезінде ғана ең жоғарғы
басшы ретінде танылған деп санайды166. Зерттеуші бұдан эрі хаан
(қаған) титулын кейде
тіпті ұсақ бірлестіктердің, құрамында эр
түрлі рулардың бірнеше тармақтары тана бар тайпа көсемдері де
иеленгендерін алға тартады167 Келесі зерттеуші А.Н. Бернштам:
«qaan, qavan» термині эр түрлі контексте кездеседі, бірақ ол белгі-
лі бір румен немесе тайпамен байланысты, -
дей келе, - көсем, ру
ақсақалын білдіретін термин келе-келе хан лауазымын білдіретін
терминге айналды, - деп жазады168 Қарастырып отырған кезеңде
қағандар дегеніміз дэл қазіргі мағынасында қолданып отырғаны-
мыздай батыр бола алғанын көреміз. Себебі,
олар бұл лауазымға
негізінен мұрагерлік жолмен емес, тек
өзінің жеке бас қасиетте-
рімен қол жеткізген. Көптеген зерттеушілер,
мэселен қырғыз кө-
семдері - билер мен түрікмен көсемдері - хандардың да негізінен
эскери көсемдер-батырлардан шыққанын атап өтеді169
ХП-ХІІІ ғасырлардағы моңғолдардың қоғамдық кұрылымы ту
ралы
жаза келіп, Б.Я. Владимирцев моңғол руларының тармақта-
луы, бөлінуінің басты себебі уақыт өте келе мықты отбасының бө-
лінуі немесе бір рудың екіге жарылуы арқылы жүзеге асатындығын
көрсетеді. Осы жаңа кұрылымдар жаңа рудың негізін қалаушылар
болып табылады. Ал, жаңа құрылымдардың пайда болуында олар-
ға тірек болатын эскери күштер немесе жетекші адамның жеке бас
қасиеттері, мәселен батырлығы туралы
атақ-даңқы аса салмақты
маңызға ие болатын деп атап көрсетеді. Зерттеуші одан эрі «весь
Достарыңызбен бөлісу: