2.1. Қазақ қоғамының саяси жэне әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
79
ықпалын жасады. Жекелеген дуалы билердің билігі хандардың
жарлығынан кем қабылданбады. Қазақтардың неғұрлым үлкен
қауымдастығының ішінде ханға қарағанда рубасылары мен ақса-
қалдардың беделі күштірек болды233
Қазақта «хан талау, тон -тонау» деген болған.
Қазақтар хан-
мен араздасса не қаша көшетін немесе ордасын шабатын234
«Бөгенбай батыр» жырында да батырдың ханның билігін мо-
йынсынбағаны тайға таңба басқандай анық берілген:
«Сонда да ханға Бөген бағынбайды,
Ерікті - күші жеткен не қылмайды.
Әбілмәмбет неше жарлық қылса-дағы,
Бөгенбай жарлығынан табылмайды»235
XVIII
ғасырдың 20 жылдары Кіші жүз қазақтары негізгі күш-
ті терістікке қарай топтастырды. Қашанда тіршілік көзі болып
табылатын жайылым, су
көздері, сауда жолдары өтетін жолдар
үшін Жайық орыс-казактары, Еділ қалмақтары жэне башқұрттар-
мен бітіспес күрес жүргізді.
Тек, XVIII ғасырдың басынан бастап,
патша өкіметі казак-
орыстарды отарлау саясатының басты авангарды ретінде пайда-
ланып, қазақтарды атамекенінен тықсырып, олардың қүнарлы
жерлерін казактарға тартып
ала бастағаннан кейін-ақ, қазақ жі-
гіттерінің орыс бекіністеріне шабуылы үдеп кетті236. Көріп отыр-
ғанымыздай патша үкіметінің отарлау саясаты да отаршылдыққа
қарсы күресте батырлардың рөлінің артуына себеп
болғанын кө-
реміз. Сондықтан осы кезеңдегі қазақ халқын отарлауды басты
мақсат етіп, оның болмыс-бітімін зерттеп,
жағалай қоршау бекі-
ністерін сала бастаған Ресей шенеуніктері де қазақ жігіттерінің
алғырлығы мен батылдығы туралы жиі жазып қалдырған.
Қазақ сарбаздарының жүректілігі мен жігерлігіне Астрахань
губернаторы Волынскийдің жазбасындағы
мына сөзі дәлел бо-
Достарыңызбен бөлісу: