А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVI-XVIII вв. - Алма-Ата



Pdf көрінісі
бет77/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   219
237 Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVI-XVIII вв. - Алма-Ата: 
Наука,
1971. 
- С. 
180.
238 Абдиров М. Завоевание Казахстана царской Россией и борьба казахского народа за не­
зависимость. — Астана: Елорда, 
2000. — С. 112.
239 Рычков Н. Дневные записки путешествия в киргиз-кайсацкой степи в 
1771 
году. - СПб •
Акад. Наук, 
1772. 
- С. 
26.


2.1. Қазақ коғамының саяси және элеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
81
өте жоғары болды. Бұл барып, түрлі әлеуметтік топтардың ішінен 
батырлардын, бірте-бірте институциялануына алып келді. Батыр- 
лардың әлеуметтік сипатындағы ерекшелік осында. Мәселен, би 
төре, төре би бола алмайды. Бірақ, екеуі де жаужүректілігімен ко­
са ақылдылығымен батыр атана алды жэне айырыкша құрметке 
бөлене түсті», - деп тұжырым жасайды240
Осылайша XVII-XVIII ғасырлардағы ішкі және сыртқы фак- 
торлар қазақ қоғамындағы батырлардың саяси, әлеуметтік ста- 
тусқа ие болуына қолайлы жағдай туғызғаны туралы тұжырым 
жасаймыз. Сондықтан ел басына күн түскен сәтте саяси басым- 
дылық батырлар қолына өтті. Бұл туралы зерттеуші Н.Г. Апол- 
лова: «XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы батырлар тек қа- 
на әскери жорықтарда маңызды рөл атқарған жоқ. Олар эртүрлі 
дипломатиялық тапсырмаларды орындайтын елшілер ретінде де 
белсенділік танытады. Ақсақалдар кеңесіне де құлшына араласа- 
ды. 30 жылдардағы феодалдық күрес кезінде берік топты кұраған 
Бөкенбайдың басқаруындағы батырлар қазақтардың Ресейдің қа- 
рамағына өтуіне шешуші күш болған», - деп жазды241. Сыртқы 
жаудан қорғану, елдің ішкі бірлігін сақтау сияқты күрделі мәсе- 
лелерде батырлардың рөлі жоғары болды. Батыр атағьш ақсүйек 
жэне қарасүйек өкілдері де қоғамдық дәрежесіне қарамастан бір- 
дей иелене алатын, эрі батырлар XVII-XVIII ғасырлардағы сырт- 
қы фактордың күштілігінен қоғамдық қатынастарда басымды- 
лыққа ие болды.
Ендігі жерде батырлар институтының атқарған қызметі мен 
оны реттейтін ережелердің мазмұнын жэне қалыптасуын толы- 
ғырақ ашып көрелік. Ол үшін бұл мәселені батырлардың элеу- 
меттік-экономикалық жэне ішкі саяси қызметі деп бөліп қарас- 
тырғанымыз жөн. Алдымен қарастырылып отырған институттың 
элеуметтік-экономикалық қызметіне тоқталсақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет