2.1. Қазақ коғамының саяси жэне әлеуметтік жүйесіндегі батыршылык ...
77
түсті жэне барлық қоғамдық ұйым «әскери-көшпелі» қалыпқа кө-
шірілді. Мұндай ұйымдардың басында ру жэне тайпа басшыла-
рының басқосуларында сайланған ықпалды жэне саяси қабілеті
мол жетекшілер түрды да, олардың басты қызметі ішкі тұрақты-
лықты сақтай отырып, сыртқы саяси мәселелерді шешу болды.
Міне осы кезде тақырыбымыздың өзегі болып отырған батырлар-
дың сын сағаты соғып, қоғамның болашағы олардың іс-әрекетіне
қарай дамыды.
XVII
ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басындағы қазақ қоға-
мының ішкі жэне сыртқы саясатының даму ерекшеліктері батыр-
лар институтының ықпалының артуы мен олардың жеке әлеу-
меттік топ ретінде толыққанды қызмет атқаруын айқындап берді.
XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының
сыртқы жауы тек жоңғарлар ғана емес еді. Батыстан Еділ қал-
мақтары қысты, оңтүстікте Хиуа мен Бұхара хандығы мазалады,
теріскейде башқұрттар қиқу салып, сырттан орыс патшасы азу
салуға даяр тұрды228.
Міне, осындай аласапыран, қилы кезеңде Тэуке ханнан кейін
билік тұтқасын ұстаған қазақ хандары арасында алауыздық туып,
елдің елдігін сақтап қалу жолында батырлардың ықпалы айтар-
лықтай артып шыға келді. Тиісінше, сыртқы жауларға халықты
бірлікке жұмылдырып бір орталықтан басқару жолында әлсіздік
танытқан қазақ хандарының беделі төмендеді. Енді осы бойынша
бірқатар деректерге кезек берсек. Жалпы, қазақ хандарының би-
ліктегі осалдығы туралы эр түрлі кұжаттарда куэлік етеді.
Қазақ жүздері арасындағы хан билігінің әлсіздігі жөнінде
1732 жылғы М.Тевкелевтің Сыртқы істер Алқасына Ор өзені
бойына бекініс салу жэне Хиуаға Әбілқайыр ханның ұлын жө-
нелтіп, сауда қатынасын орнату бойынша жазған хатынан да
аңғаруға болады. Тарихи құжатта мынадай дәйексөз берілген:
«...қырғыз - қайсақтар - тұрақсыз адамдар, хандарынан мүлдем
қорықпайды»229
Достарыңызбен бөлісу: