80
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашкы жартысындағы казак қогамында
лады: «қалмақтар қазақтардың алдында жасқанады, олардың бес
немесе алты мыңы бес жүз қазаққа қарсы тұра алмайды»
Ғалым М. Әбдіровтың «Завоевание Казахстана Царской Рос
сией и борьба казахского народа за независимость»
атты кіта-
бында тарихшы А. Рябиннің еңбегіне сілтеме жасай отырып,
мынадай дэйексөз келтіреді: «Жайық казактарында өліспей бе-
ріспейтін бір ғана жау болды - ол қазақтар еді.
Олар қорқу мен
шаршауды білмейтін өте қайсар жэне қажымайтын жау болды.
Жайық казактары оларға қарсы қиян-кескі нағыз соғыс жүргіз-
ді»2
3
7
238 Бұл жерде зерттеушінің патша өкіметінің қазына есебінен
жыл сайын бөліп отыратын қару-жарағына ие Жайық казактары-
на қарсы қарапайым қаруланған Кіші жүз қазақтарының қайтпас
қайсарлығын бағалағаны анық.
Қазақ сарбаздарының бұл сынды шабуылдары Н. Рычковтың
күнделіктерінде де кездеседі: «Қазақтың
ең атақтылары көрші
елдерді тонау үшін маңайына жасақтар да жинайды. Қарақалпақ-
тар, аралдықтар, ташкенттіктер олардан ылғи да жапа шегеді»239.
Соңғы жылдардағы зерттеушілер
батырлар институының қа-
лыптасу үрдісінің аяқталуын XVII-XVIII ғасырлармен байланыс-
тырады. Зерттеуші Н.А. Абдоллаев, Е.С. Сатыпалды: «Ең алды-
мен, XVII ғасыр мен XVIII ғасырдағы дәстүрлі қазақ қоғамының
саяси тарихына тэн ерекшеліктер басты ықпал етті.
Тынымсыз
сыртқы жаугершілік соғыстар, көршілес елдердің агрессиялық
саясатынан корғану, ішкі тартыста ел
бірлігін сақтап, ыдыратпау
тэрізді күрделі мәселелердің қайнаған ортасында батырлар жүр*
ді, шешуші рөл атқарды. Сол себепті батырлардың мүддесімен
дала элиталары «ақсүйек» (хан, сұлтан, қожа) жэне «қарасүйек»
(би, рубасы-ақсақал) өкілдері үнемі санасуға мэжүр болатын.
Көшпелі қоғам өмірінің негізгі тіршілік көздері эскери кәсіпке
де тэуелді. Оның тетігі жоғарыдағы күрделі
мәселелермен біте
қайнасып жатқандықтан батырлардың қызметіне деген сұраныс
Достарыңызбен бөлісу: