9 6
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашкы жартысындағы казак когамында ...
Бөкенбай батыр жоғары беделге ие екендіктерін жазады280 Қазақ
батырларының ішкі саяси жүйесіндегі ықпалын төмендегі тарихи
оқиғалардың желісі негізінде одан ары дамытсақ. Алғашқы оқиға
есімі ұранға айналған Алдияр батырмен байланысты. М. Тыныш-
баев еңбегінде келтірілген мэліметтерге сүйенсек,
Алдияр батыр
Тэуке ханның замандасы жэне ханның оң жағын ала отыратын
батырдың бірі болғанға ұқсайды281 Міне осы Алдияр батыр мем-
лекеттік істерді ақылдасатын шаруалар
туындағанда Тэуке хан-
ның жанынан табылып, өзінің пайымдауларын білдіріп отырса
керек. Тіпті кей жағдайда хан мен
батыр арасында бір мәселе-
ге байланысты келіспеушіліктер де туындаған. Мәселен, ел ара-
сындағы аңыз бойынша Алдияр батырға келіссөз жүргізу үшін
жоңғар қонтайшысы келеді. Бұдан хабардар болтан Тэуке хан
қонтайшыны өлтіру үшін сарбаздарын жібереді.
Ауылына кел-
ген елшіні қорғау мақсатында батыр өзінің ханына қарсы шығып,
хан мен батыр сарбаздары бір күн бойы шайқасады. Шайқаста
Алдияр батырдың кенже інісі Майлан қаза табады. Осы оқиғаға
байланысты Алдияр батыр ұрпақтарында төмендегідей өлең жол-
дары сақталған:
«Үзын ағаш, тойкеде келді қалмақ,
Хан Тэуке басып барып, басын алмақ,
Келмегірдің қалмағы қайдан келді,
Екі қазақ соғысты, Майлан өлді»282
Тарихи аңыз негізінде әңгімеленіп
отырған оқиғаның ба-
рысы былайша аяқталады. «Тэуке хан нөкерлерінің шабуылын
тойтарған Алдияр батыр ертеңіне қонтайшыны еліне аман-есен
қайтарады. Қонтайшы Ордасына барған
соң тұтқындағы қазақ-
тардың ішіндегі садырларды ғана емес, барлық наймандарды,
оған қоса Алдияр батырдың есімін естігендерді де тұтқыннан бо-
Достарыңызбен бөлісу: