А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Тынышпаев М. История казахского народа. - С. 221



Pdf көрінісі
бет93/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   219
283
 Тынышпаев М. История казахского народа. - С. 221.
284
Вяткин М. Султаны и бии // Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер жэне зерттеу-
лер. - 10 томдык / бас ред.: Зиманов C .3 .- Алматы: Жеті жарғы, 2004. - Т. 2. - С. 217.
285
Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках (Сборник документов и материалов).
- С . 96.
286
Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках (Сборник документов и материалов).
- С . 121.


9 8
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашкы жартысындағы казак когамында ...
Олар барлық ру басшыларынан күшті, ...осылардан Тевкелев- 
ке пайда болады ...287 Ал осыған қатысты А. Левшин былай деп 
жазады: «Орта жэне Кіші Жүзде беделді Бөкенбай батыр оның 
(Тевкелевтің — авт.) қорғаушысы болуға ниет білдірді288 Бүған ко­
са Әбілқайыр ханның өзі халықтың сенімінен айрыла бастауына 
байланысты Тевкелевке оның өміріне кепілдік бере алмайтынды- 
ғын айтып, Бөкенбай батырмен табысуын мақүл көреді. Шынын- 
да да Бөкенбай батыр елшінің басты тірегіне айналып, оның жэне 
серіктерінің елдеріне аман-есен оралуларына жәрдем тигізеді
Бөкенбай батыр, оның күйеу баласы Есет батыр, немере іні- 
сі Қүдайназар мырза т.б. - М. Тевкелевтің мойнына алған ша- 
руасын абыроймен орындап шығуына бірден-бір кепілдік берген 
адамдар. Бодандық үрдісінің осы тұсында Әбілқайырдан да көрі 
Жетіру басшыларымен тығыз қарым-қатынаста болған башқүрт 
батыры Таймас Ш айімовтың еңбегі басымырақ. Бөгенбай орыс 
елшісінің сыйлығынан бас тартады. Ол елшінің ұсынған 500 руб. 
тауарын алмай, өзінің дүние үшін сатылмайтынын, ойына алған 
қызметті тегін-ақ жасайтынын мәлімдей отырып, қазақ батырла- 
рының рухани-моральдік бет-бейнесінің жоғарылығын тағы да 
дәлелдеп береді.
Дегенмен Бөкенбай батыр қолдаған күннің өзінде де ел жиыны 
Әбілқайыр мен елшіге қысым көрсетуін тоқтатпағанын да атап 
өтуіміз қажет. Ел басылары «хан өз бетімен, ешкіммен келіспей 
бодандық туралы өтініш білдірді. Қазақты Ресейге тұтқындыққа 
сатты. Дэстүр бойынша ру басыларымен ақылдаспай хан қимыл 
жасамауы керек. Ендеше осы тэртіпті бұзған үшін хан өлім жаза- 
сына лайық» деп қорытындыға келді289 Ханға қарсы көтерілген 
адамдар арасынан Баба би, Жантума би, Баймүрат би, Сырлы- 
бай батырларды кездестіреміз. Батыр сүлтан мен Тәңірберді би- 
дің көп жігітпен Хиуаға бара жатқан Ресейдің ірі керуенін тонап 
алуы да ел наразылығының бір көрінісі деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет