А. Ж. Асамбаев техника ғылымының кандидаты, доцент


Информатика кабинетінде сыныптан және мектептен тыс жұмыс жасау



бет126/159
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#14229
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   159
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі павлодар мем

Информатика кабинетінде сыныптан және мектептен тыс жұмыс жасау. Кабинетте жұмысты ұйымдастыру кезінде ДЭЕМ-ді тиімді әрі қарқынды пайдаланған дұрыс. Информатика курсының бағдарламасы бойынша өтетін міндетті сабақтардан қалған бос уақытты кәсіптік оқыту және оқушылармен үйірмелі жұмыс жасау үшін пайдаланған абзал.

Сабақтан тыс уақытта кабинетте мына шараларды:

оқушыларға әртүрлі салалар бойынша, әсіресе АКТ (ақпарат іздеу, жұмысты рәсімдеу және т.б.) пайдаланумен байланысты жобалау әрекетін ұйымдастыру және кеңес беру;

АКТ құралдарына, басқа ресурстарға қолжетімділік және жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларына және қызметкерлеріне оны пайдалануда көмек беру (оқушылардың танымдық және дамытушылық әрекеті, сабақ әдістемелерін әзірлеу, әдістемелік материалдарды, ғылыми әзірлемелерді, есептік және диагностикалық құжаттаманы, оқытушылық және қоғамдық іш-шараларға арналған материалдарды және т.б. дайындау);

АКТ-нің көмегімен консультативтік және сабақтан тыс көмек көрсету (үйірмелер, пәндік зертханалар, байқаулар мен олимпиадалар ұйымдастыру, тәрбиелік жұмыстың және жасөспірімдердің жеке тұлғасын әлеуметтендіру бойынша әрекеттің басқа формалары және т.б.);

АКТ-ні пайдаланып, мектепішілік бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын (Интернеттегі жаңартылып отыратын мектеп беті, газеттер, журналдар, бейнематериалдар, кабинеттерді безендіру); - мектептегі компьютерлік клубтарда балалардың бос уақытын (мысалы, программистер клубы, Интернет-клуб, бастауыш сынып оқушыларына арналған компьютер, компьютерлік тұсаукесер клубы, компьютерлік шахмат клубы және басқалар) ұйымдастыруға болады.

Информатика кабинетінде қашықтықтан оқыту ұйымдастырылады, сондай-ақ телекоммуникациялық жобаларға қатысуға мүмкіндік бар (оқушыларға да, мұғалімдерге де) және мұғалімдер мен оқушылардың сабақтан тыс қызметінің басқа да формалары.

Жалпы айтқанда, кабинет психологиялық, гигиеналық және эргономикалық жайлы орта болуы шарт, мұғалім мен оқушылардың денсаулығын сақтау және еңбек қауіпсіздігі талаптары толықтай қамтамасыз етіліп, нәтижелі сабақ беруге, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және ақыл-ойын дамытуға, информатика пәні және ғылым негіздері бойынша берік білім, ептіліктер мен дағдыларды игеруге ыңғайлы болуы тиіс.

5.1.2. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар

Информатика курсы мен басқа да жалпы бiлiм беретiн жекелеген пәндердi оқытуда жаңа ақпараттық технологиялық құрылғыларды пайдалану барысында информатика кабинетiнiң құрамына келесi құралдар және құжаттар енедi:

Психологиялық-педагогикалық, эргономикалық және техникалық талаптарды қанағаттандыратын оқу-есептеу техникасының жиынтығы.

Арнайы жиһаз бен оргтехника.

Информатика кабинетiнде жұмыс iстеу барысында техника қауiпсiздiгiн сақтауды қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құралжабдықтар.

Болашақта әлемдiк деңгейде және аймақтық телекоммуникациялық желiлердi жүйелеудi қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құрал-жабдықтар (компьютерлiк желiлер мен телефондық, теледидарлық, спутниктiк байланыс құралдарының синтезi).

Информатикадан ғылыми, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық әдебиеттер кешені.

Жалпы білім беретін пәндерді жүргізу үшін арналған (электрондық оқулықтар, энциклопедиялар, оқыту бағдарламалары, ойын бағдарламалары) компакт-дискілеріндегі мультимедиалық шығармалар.

Информатика кабинетінде қауіпсіздік техника ережесінің бұрышы.

Информатика кабинетінен эвакуация жоспары.

Өртті сөңдіру құралдары.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 1 бекітілген «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі;

Алғашқы көмек көрсету аптечкасы, оның құрамында дәрігерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң мына түрлерi болуға тиіс:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет