А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет21/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Сөздік жұмыс: көжек 
Билингвалды компонент: қоян – заяц – rabbit 
 
ҰОҚ барысы:: 
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт: ойыншық сұр қоянды қонақ ретінде таныстыру. 
Балалар қызығушылық танытады. 
2.Негізгі кезең 
Сұрақ-жауап: 
– Балалар бұл не? (Бірге қайталату: қоян). 
Қ дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату. 
Қо-қо-қо – қоян. 
Құ-құ-құ – құлақ. 
Қа-қа-қа – қалам. 
Қы-қы-қы – қылыш. 
Қу-қу-қу – қулық. 
(«Қ» дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыз қуысынан еркін шықпай, қысылып 
шығатындығын балаларды айтқызу арқылы ажырату). 
Қоянға сипаттама беру: 
– Қоянның түсі қандай? 
– Қоянның түсі сұр. 
– Оның жүні қандай? 
– Оның жүні жұмсақ, мамық, үлпілдек. 
– Қоянның құлағы қандай? Ұзын ба әлде қысқа ма? 
– Неше құлағы бар? 
– Қоянның құлағы ұзын. Оның екі құлағы бар және оның екі көзі, тұмсығы, аузы, 
мұрттары, төрт аяғы, кішкентай құйрығы бар. 
Педагог сөзін қайталау арқылы, «қ» дыбысын анық айтуға тырысу. 
Сергіту жаттығуы: «Сұр қоян». 
Ұзын құлақ, сұр қоян 
Естіп қалып сыбдырды, 
Ойлы-қырлы жерлермен 


28 
Ытқып-ытқып жүгірді. 
Қарап еді артына, 
Қиығын сап көзінің, 
Келе жатқан томпаңдап 
Көжегі екен өзінің. 
(Т. Бердияров) 
(Сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыс арқылы орындайды). 
– Балалар, көжек деген не? (Қоянның баласы) 
(К дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату. 
Кө-кө-кө-көжек. 
Кө-кө-кө-көже. 
Кө-кө-кө-көкек. 
Кө-кө-кө-көрпе. 
Жаттығуды қайталау арқылы «К» дыбысын анық айтуға тырысады. 
(«К» дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыздан кедергілерге ұшырап, қысылып 
шығатындығын түсіндіру). 
– Балалар көжек қандай болады? (Көжек кішкентай, жүндері жұп-жұмсақ және сүп-
сүйкімді болады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет