А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет23/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

1. Ұйымдастыру кезеңі  
Ғажайып сәт: Тобымызға қуыршақ Әйгерімнің келуін хабарлайды. Балалар қуыршақтың 
келгеніне қуанады. 
– Балалар, бұл не? Кәне, «Қуыршақ» сөзін қайталаймыз. 
– Балалар бұл қуыршақтың есімі – Әйгерім. 
«Қуыршақ» тақпағын жаттату. 
Біздерде бар қуыршақ 
Бұзау, қозы, құлыншақ, 
Ойыншықтар тыңдайды
Ақыл айтсақ, бұйырсақ. 
(Н.Әлімқұлов) 
(Педагогпен бірге қайталап жаттап алу). 
(Тақпақ жаттатудың әдіс-тәсілі: «Суретті жаттау» 
Түсіндірілуі: суреттерді тақтаға салып, әр қатарға салып, тақпақты жаттап алу. Мысалы: 
Біздерде бар қуыршақ (қуыршақ суретін салу.) 
Бұзау, қозы, құлыншақ (бұзау,қозы, құлыншақ суреттерін салу.) 
Ойыншықтар тыңдайды. 
Ақыл айтсақ, бұйырсақ. (қол қимылымен көрсету). 
Сұрақтарға жауап алу. 
– Балалар «Қуыршақ» неге жатады? Ыдыс-аяққа ма? Жануарларға ма? Немесе құстарға 
жата ма? Әлде ойыншықтарға ма? (Қуыршақ ойыншыққа жатады). 
– Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтар бар? (Әр бала өз ойыншықтарын атап өтеді). 
Дидактикалық ойын: «Ойыншықты тап». 
Ойын мақсаты: ойыншықты атау және кеңістікті бағдарлай отырып табу. 
Шарты: тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін, үлкен, кішілігін ажыратып, сол 
ойыншыққа өздерің мейірімді тілек тілейсіңдер. Мысалы, балалар алдымен көздерін 
жұмады, қойылған ойыншықтар ішінен педагог біреуін жасырып қояды. Қандай ойыншық 
жоқ? (Мысалы: Аю ойыншығы жоқ, оның қалған ойыншықтарға қарағанда, пішіні үлкен, 
түсі қоңыр. Аю – жұмсақ ойыншық. Мен оны ұқыпты таза ұстап ойнаймын. т.б.) 
– Ойыншық жасалынуына қарай жұмсақ па, қатты ма, әлде созылмалы ма?Ал сол 
ойыншыққа қандай мейірімді сөз айтасың? 
– Балалар, бүгін қуыршақ Әйгерімнің туған күні екен. 
– Әйгерімге сендер не сыйлағыларың келеді? 
– Әйгерімнің туған күнін қалай жақсы, көңілді өткізуге болады. 
– Кәне, шағын әңгіме құрайық. 
Әңгіме құрау: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні» (Сөйлеуді дамыту дәптері). Балалар 
ауызша әңгіме құрап айтуға тырысады. 
Мақсаты: ауызша өз ойларын жеткізе білу. 
Шарты: сөйлеуді дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау арқылы, әңгіме құрау. 
Мысалы: Әйгерім қуыршақтың туған күніне аю келді. Аю Әйгерімге өзінің сүйікті тағамы 
– бал сыйлады. Оны көрген Әйгерім қатты қуанды.т.б. (дәптермен жұмыс жасау). 


30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет