А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


ХХ ғасырдың басындағы метрополия және отар



Pdf көрінісі
бет7/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   134
ХХ ғасырдың басындағы метрополия және отар.
ХХ ғасырдың басында бүкіл әлем дерлік ұлы державалар ара-
сында бӛліске түсті. Мұның нәтижесі жоғарыда атап ӛткендей 
тек қана отарлық соғыстар мен теңсіз келісім шарттар ғана бол-
ған жоқ, сонымен қатар жаппай қантӛгіспен аяқталған ұсақ со-
ғыстар да болды. 
Азияда отарлық әкімшілік емес ӛздерінің монархтарының 
басқаруындағы тек 6 мемлекет (оның ӛзі немқұрайлы түрде) ӛз 
тәуелсіздігін сақтап қалды: Қытай, Сиам (Таиланд), Непал, 
Ауғанстан, Парсы (Иран) және Неджд (Аравияның ортасында); 
ал Африкада - Эфиопия. Англия, Франция, Германия, Ресей жә-
не Жапонияның бӛлшектеуінен аман қалған Қытай жартылай 
отар күйіне түсіп, ықпал аймағына айналды. Непал шартты түр-
де британдық үндістандық империяға тәуелді болды. Парсы же-


11 
рі Англия және Ресей арасында ӛзара бӛліске түсіп, құпия түр-
дегі ықпал аймағына айналды. Сиам қарсылықсыз тізе бүгу ре-
жимімен 
(капитуляция) 
шырмалды, 
бастапқы 
кезде 
Ұлыбритания (1832 ж.), Франция (1856 ж.) ал кейін басқа да ка-
питалистік елдер бұғауына түсті. Ауғанстан, І және ІІ-ші ағыл-
шын-ауған соғыстары барысында ағылшындардың армиясын 
талқандағанымен бәрі бір сыртқы саясатында ағылшындардың 
бақылауын мойындауға тура келді. Оның үстіне ХІХ ғасырдың 
екінші жартысында ауған әмірлігі Англия және Ресейдің қы-
сымын сезіне бастады.
Англияның отарлық иеліктеріне айналғандар: Жерорта 
теңізінде Кипр және Мальта аралдары, Қызыл теңізге шыға 
берістегі Аден порты, Үнді мұхиты мен Парсы шығанағындағы 
кейбір араб князьдықтары болды. Сонымен бірге Үндістан, 
Цейлон (қазір Шри-Ланка), Бирма, Малая (Сингапурмен бірге), 
Солтүстік Борнео (қазір Калимантан), Брунейжәне Тынық мұ-
хитындағы кӛптеген аралдар, ал АфрикадаБритандық Сомали 
(Сомалиленд), Кения, Зинзибар аралы, Уганда, Родезия, 
Бегуанленд (қазір Ботсвана), Нигерия,Алтын Жағалау (қазір 
Гана), Сьерра-Леоне, Гамбия, Ньясаленд (қазір Малави), Судан 
елдері Англия және Египет арасында ортақ басқаруға кӛшті. 
Англия Қасиетті Елена аралын да иемденді, ал Америка жерін-
де Тринидад, Тобаго, Ямайка, Багам және Бермуд аралдарын, 
Британдық Гвиана (қазір Гайана), Британдық Гондурас және 
т.б. Біраз сақталып қалған жергілікті аборигендерден саны жа-
ғынан басым ағылшындар қоныстанған бұрынғы Англияның 
отарлары халықаралық қатынастарда ӛзін-ӛзі басқару құқығы-
мен доминион статусын алып, Британдық Ұлттар Достастығы 
құрамына кірді. Олар Канада, Ньюфаундленд (1946 жылы 
Канаданың құрамына кіреді), Оңтүстік Африка (1961 жылы 
Достастық құрамынан шығып кетеді), Австралия және Жаңа 
Зеландия.
Францияның отар иеліктеріне кірген елдер: Азия жерінде 
- Француздық Үндіқытай (қазір Вьетнам, Лаос және Камбоджа), 
Үндістандағы Пондишер порты, Африкада-Марокко, Алжир, 
Тунис (мұнда түрік сұлтандығының билігі уақытша сақталды), 


12 
Француздық Батыс Африкақұрамына: Сенегал, Француздық 
Судан (қазір Мали), Кот-д´Ивуар, Буркина-Фасо, Дагомей (қа-
зір Бенин), Нигерия, Қызыл теңізде - Джибути, сосын Француз-
дық Экваторлық Африка жерінде: Габон, Чад, Конго, Убанги-
Шари (Орталық Африка Республикасы), Үнді мұхитында - 
Мадагаскар және бірқатар аралдар болды, ал Тынық мұхитында 
- Жаңа Каледония, Таити, Туамоту тағы бірқатар аралдар, ал 
Америка жерінде Француздық Гвиана. 
Құрама Штаттар иелігі - Филиппиндер, Тынық мұхитын-
да Гуам және Самао аралдарының бір бӛлігі, сонымен бірге 
Кариб теңізінде Пуэрто-Рико және Панама каналының маңы 
болды. Батыс Африка жерінде АҚШ-тан келген қара нәсілді-
лерден Либерия мемлекеті құрылды. 
Италияның отарлық иеліктері- Триполитания, Киренаика 
және Феццан (Ливия), Африкада - Эритрея және Итальяндық 
Сомали, Эгей теңізінде - Родос және Додекан аралдарыболды. 
Португалия Азорлық аралдарды иемденді (олар түгелімен 
португалданды), Жасыл мүйіс аралдары, Португалдық Гвинея, 
Ангола, Мозамбик, Үндістандағы Гоа порты және Индонезия-
дағы Шығыс Тимор жерлері болды. 
Испанияның Батыс Африкада біршама ғана отар иеліктері 
болды, сонымен бірге Канар аралдары және Испандық Гвинея 
болды. 
Голландияның (Нидерланды) отарлары бай Нидерланды-
лық Үндістан (қазір Индонезия), сонымен бірге Жаңа Гвинея-
ның бір бӛлігі және Нидерландылық Гвиана болды. 
Бельгия Африкада ең үлкен территорияға иелік етті, ол-
Бельгиялық Конго (қазір Заир). Бұл жер 1876 жылдан 1908 жыл-
ға дейін Бельгия патшалығына емес, Орталық Африканы зерттеу 
және кӛркейту мақсатында Халықаралық комиссия құрғаны 
үшін Бельгия патшасы ІІ Леопольдтың жеке басына тиесілі бол-
ды. Нәтижесінде ӛркениеттік мақсатпен басып алынған терри-
тория отарлық күйзеліске ұшырап, халқы құлдыққа түседі, нәти-
жесінде осы отыз жылда жергілікті халық саны елу пайызға 
қысқарып кетті.


13 
Германияның иелігі Того және Камерун, Намибия, 
Руанда-Урунди (қазір Руанда және Бурунди) және Танганьика 
(қазір Танзанидің үлкен бӛлігі), Тынық мұхитындағы Жаңа 
Гвинеяның бір бӛлігі және Самоаның бір бӛлігі болды. 
Жаңа кезең аяқталып - Қазіргі заман дәуіріне аяқ басқан 
уақытта әлемді отарлық бӛлшектеу түбегейлі аяқталды: ал енді 
алда оны қанды жолмен қайта бӛлісу күтіп тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет