А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


§ 2. Ауыл және аграрлық шаруашылықтың



Pdf көрінісі
бет8/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

§ 2. Ауыл және аграрлық шаруашылықтың 
капиталистік жолмен даму ҥрдістері 
 
Отарлық жҥйедегі плантациялық шаруашылық.
Шы-
ғыс елдердің негізгі шаруашылық түрі әрқашанда ауыл шар-
уашылығы болды, ол халықтың үштен екі бӛлігін қамтып ұзақ 
уақыт ӛзінің дәстүрлі әдісін сақтап келді. Дегенмен, ұлы держа-
валар отар елдерінің аграрлық құрылымы және жер шаруашы-
лығы жүйесін ӛздеріне тиімді болатындай етіп қайта құрулары, 
мұндағы елдің әлеуметтік-экономикалық және демографиялық 
кешеніне үлкен әсер етті. Отар елдердегі аграрлық жүйенің құ-
рылу әдісі неше түрлі болды. Әйтседе, ол негізгі екі ағыммен 
жүрді: біріншісі - дәстүрлі қауым шаруаларының ӛнімдерін экс-
портқа шығарылатын дәнді дақылдар ӛсіруге ауыстыру, экспорт 
секторында ұсақ тауар ӛндірісін құру, ал сосын отарлық жүйе-
мен дамыған жеке меншік жерлер мен жалгерлік жерлерді поме-
щиктік түрдегі ірі ӛндіріс саласына ауыстыру; екіншісі - ірі ӛн-
дірістерді плантациялық шаруашылыққа айналдыру. Шетелдік 
плантациялық шаруашылық басқаларға қарағанда ерте және тез 
дамып, капиталистік ӛнеркәсіптерге кӛшті. Сонымен, планта-
циялық шаруашылықтың дамуы отар елдердің капиталистік 
жолмен дамуының негізін қалады. 
Сонымен, плантациялық шаруашылықтыңалғашқы түрі 
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Молуккс аралында, ал кейін Оңтүстік-Шығыс 
Азияның басқа аудандарында пайда болды. Тек ХІХ ғасырдың 
ортасынан бастап жаңа жерлерді ӛңдеу және бұрыннан пайдала-
нып келе жатқан жерлерде жаңа техникалық дәнді дақылдар ӛсі-
ріле бастады. Плантациялық шаруашылықтың үлкен орындары 
Үндістанда, Индонезияда, Бирмада, Египетте, Малайяда, Шри-


14 
Ланкада, Филиппиндерде және басқа елдерде пайда болды. 
Плантациялық шаруашылық салдарынан қалың ормандар жойы-
лып, батпақты жерлер құрғатылды, суландыру жүйесінің кӛмегі 
және ауыр инженерлік-құрылыс жұмыстары салдарынан бӛгет-
тер, каналдар және суландыру станциялары т.б. салынды. План-
тациялар инфрақұрылымның дамуына жол ашты: темір жолдар 
және тас жолдар, қойма ғимараттары, жұмысшылар үшін тұр-
ғын үйлер және шикізатты ӛңдеу үшін заманауи ӛнеркәсіптер 
салынды.
ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың бірінші жарты-
сында Шығыс қоғамында отарлық-капиталистік синтез белсенді 
түрде жүрді, «отар-тәуелді елдер» жүйесі шеңберінде еңбекті ӛз 
бетінше отарлық бӛлу басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет