А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет3/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

 
 
 
 
 
 
 



1-тарау 
ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ҚОҒАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ДАМУ 
БАҒЫТТАРЫ 
Отаршылдық адамзат дамуының қоғамдық кезеңіне ерек-
ше тарихи жүйемен енді. Шығыстағы отаршылдық құрылым 
ХХ ғасырдың үлкен бӛлігін қамтып, оның зардабы осы кезге 
дейін жалғасуда (жаһанданудың кейбір аспектісі), яғни отар-
шылдықтан кейінгі кеңістіктегі қоғамдық даму үрдісіне үлкен 
әсерін тигізуде. Оның негізін ХҮ ғасырдың соңындағы теңіз 
саяхатшылары (Васко да Гама, Христофор Колумб) Ұлы геог-
рафиялық ашылулары осындай сыртқы саясат іргетасының қа-
лануына түрткі болды. Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде 
адамзат тарихы алғашқы рет әлемдік негіздің іргесін қалады. 
Дүниежүзінде әлемдік капиталистік шарттардың жүйесіне ор-
тақ экономикалық аймақ құра бастады және кейбір мемлекеттер 
метрополияға айналды (бірқатар Еуропалық мемлекеттері, 
АҚШ, кейінірек-Жапония), ал әлемнің кӛптеген езілген халық-
тары - тәуелді (Азия, Африка, Орталық және Оңтүстік Америка 
елдері), яғни отар және жартылай отар елдерге айналды. 
Дегенмен, отаршылдық дамыған капиталистік елдердің 
жасап шығарғаны емес, сондай-ақ еуропалық конкистадорларда 
отаршылдық жүйесін бірінші болып ашқандардың қатарына 
жатпайды. Алдыңғы тарихи дәуірде де кӛптеген ғасырлар бойы 
ірі отарлық империялар да ӛмір сүрді (б.з.б. ХҮІ-ХІ ғғ. египет-
тік, б.з.б. ҮІ-ІҮ ғғ. ирандық, б.з.б. І ғ. римдік, ІҮ ғ. қытайлық, 
монғолдық, османдық). Еуропалық отаршылдықтың негізгі 
ерекшелігі жоғарғы қарқынды ұйымдастырушылық техноло-
гиясы болды (ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. мәдени-ғылыми жетістіктердің нә-
тижелері ӛнеркәсіп тӛңкерісіне алып келді). Тап осы еуропалық 
капитализм зорлық-зомбылықпен әлемді отарлық шаруашылық 
жүйесіне біріктірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет