А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Вьетнам Социалистік Республикасының қҧрылуы



Pdf көрінісі
бет47/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   134
Вьетнам Социалистік Республикасының қҧрылуы.
1975 жылы Сайгондағы «Хо Ши Мин операциясы» салдарынан 
билік коммунистердің қолына кӛшіп, елдің қайта бірігуіне мүм-
кіндік туды. 
1976 жылы
Ұлттық жиналыста Вьетнамның екі 
бӛлігі де 
Вьетнам Социалистік Республикасына (ВСР) біріккені 
туралы жарияланды
, елдің премьер-министрі Фам Ван Донг, 
ал президенті Тон Дык Тханг, Ұлттық жиналыстың тӛрағасы 
Нгуен Хыу Тхо болды. Сосын біртіндеп саяси ұйымдар біріге 
бастады. 1976 жылдың соңында Вьетнам еңбекшілер партиясы-
ның ІҮ съезінде бұл партия коммунистік деп атын ӛзгертті, 
яғни оның басты мақсаты 20 жыл кӛлемінде Вьетнамда социа-
листік құрылысты толық орнату болды. Вьетнам Коммунистік 
партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы 
Ле Зуан
елді 
басқарды. 1980 жылдардың соңында елдің жаңа Конституциясы 
қабылданды.
Солтүстік және Оңтүстік біріккеннен кейін Вьетнам осы 
аймақтағы алдыңғы қатарлы елге айнала бастады: КСРО-мен 
байланыс жақсарды, Камбоджияны басып алды, тіпті кӛтерме 
сауданың кӛп бӛлігін иеленіп тұрған қытайлықтарды қуа 
бастады. Оның үстіне кеңестік экономикалық кӛмек тоқтай 
бастаған кезде кӛрші Қытайда 1980-жылдары Дэн Сяопиннің 
басшылығымен күшті экономикалық реформа басталды.
ХХ ғасырдың соңы, ХХІ ғасырдың басындағы 
Вьетнам.
1991 жылы Вьетнам компартиясының ҮІІ съезінде 
Қытай үлгісімен реформа жүргізу туралы мәселе қаралды. 
Ауылда шаруалар жалға жер ала бастады, ал қалаларда жеке 
меншік ӛнеркәсіптері пайда болды. 1987 жылы шетелден инвес-
тиция алды. 1989 жылдары Вьетнам күрішті экспортқа шығара 
бастады. Нарықтық реформаның нәтижесінде 1996 жылы эко-
номика жақсы дамыды, ішкі кіріс 13%-ға ӛсті. Табысты шетел-
дік капиталдың арқасында инвестиция ӛсті. Қазіргі кезде 


76 
Вьетнам Азия мемлекеттері ішінде азық-түлікті экспортқа шы-
ғарудан бірінші орында, ал күрішті экспортқа шығарудан әлем 
бойынша екінші орында.
1985 жылы елде ақша реформасы болды, күшті мемлекет-
тік бақылау енгізілді. Мемлекет тек электр энергиясына, це-
мент, мұнай ӛнімдері және транспортқа ғана баға қойып отыр-
ды.
1992 жылы Вьетнамның жаңа Конституциясы қабылдан-
ды. Қытаймен қарым-қатынас жақсарды. Соғыстан кейін ұзақ 
жылдарға дейін АҚШ-пен қатынас нашар болып тұрды, тек 
1995 жылы барлық мәселе шешілгеннен кейін дипломатиялық 
байланыс орнады. Ішкі кіріс ӛсіп, Вьетнам АСЕАН елдерімен 
экономикалық байланыс орнатты. Ал осы жылдары Вьетнам 
АСЕАН-ның толыққанды мүшесі болды.
2000 жылы Вьетнам кӛп елдермен дипломатиялық қарым-
қатынас орнатып, Азия елдері ішіндегі тез дамушы елге ай-
налды. 
2001 жылы 22 сәуірде Вьетнам Коммунистік партиясының 
кезекті съезінде жаңа бас хатшы болып 
Нон Дук Мэн
тағайын-
далды. Вьетнам Ұлттық жиналысының тӛрағасы болып 
Нгуен 
Ван Ань
болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет