88
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде ҮҰК-сі британ
үкіметімен байланыс орнатып, олардан соғыстан кейін тәуелсіз-
дік беруді сұрайды. Бірақ бұл кейінге қалдырылды. 1940 жылы
жазда Батыс Еуропада соғыс қимылдары тез жүріп Франция тізе
бүгеді. Ал Англия Гитлер және Муссолинимен бетпе бет жалғыз
қалды.
1940 жылы маусымда ҮҰК бұрынғы талаптарын Англияға
қайта қойды, сонымен олар Үндістанға соғыстан кейін тәуелсіз-
дік беруге уәде берді.
1940 жылы наурызда Лахорда болған Мұсылман Лигасы-
ның сессиясы тарихи оқиға болды. Онда олар Үндістан құрамы-
нан шығып - Пәкістан мемлекетін құруды қолға алатындарын
жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: