А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі Ҥндіқытай



Pdf көрінісі
бет45/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі Ҥндіқытай.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Үндіқытайды басып алған 
жапондықтар Аннам, Тонкин және Кохинхин территорияларын-
да Вьетнам автономды мемлекетін құрды. Вьетнамды азат ету 
Ұлттық комитетінің тӛрағасы 
Хо Ши Мин «Вьетнам тәуелсіз-
дігі үшін күрес лигасын» құрды («Вьетмин»)
. Жапондықтар бұл 
жерден кеткен соң ол 
Ханойда Вьетнам тәуелсіз республика-


69 
сын жариялады
, алайда ел толықтай басқыншылардың қолында 
болды: солтүстіктен 16-шы параллельге дейін - Гоминьдан әс-
кері, ал оңтүстікке қарай - ағылшындар басып алды.
1945 жылы тамызда елде революция болып, ал қыркүйек 
айында 
Вьетнам Демократиялық Республикасы (ВДР) құрыл-
ды
. Алайда, 1945 жылы Потсдам конференциясының шешімі-
мен француздар мен ағылшындар мұнда ӛз әскерлерін түсіріп, 
Сайгонды сосын бүкіл Оңтүстікті басып алды. 1946 жылы 
Қытай және Англия бұл жерден ӛз әскерлерін шығарды, яғни 
олар француздардың қайта оралуына жол ашып кетті. Алайда 
француздар келген кезде Солтүстік территорияның кӛп бӛлігі 
Хо Ши Мин үкіметінің қол астында, яғни бас кеңесшінің орны 
Аннам императоры Бао Дай қолына кӛшкен болатын.
Бастапқы кезде француздар Солтүстіктегі үкіметті фран-
цуздар Француз одағы құрамындағы автономия ретінде мойын-
дады, бірақ Аннам, Тонкин және Кохинхинді біріктіру туралы 
Хо Ши Мин талабын қанағаттандырған жоқ. Нәтижесінде 1946 
жылдың соңында соғыс басталып, ол 7,5 жылға созылды.
Франция коммунистерді Вьетнамдағы басқа ұлттық 
қозғалыстардан оқшаулап тастауға тырысты. Сондай мақсатпен 
император Бао Дайға елдің үш бӛлігін біріктіруді ұсынды. Ар-
найы 
Вьетнам мемлекеті 1949 жылы маусымда жарияланды

орталығы Сайгонда болды, ал желтоқсанда ол Француз одағына 
біріктірілді; осындай статус Лаос пен Камбоджияға да осындай 
ұсыныс жасалды.
Осы кезде кӛрші Қытай жеріндегі коммунистердің жеңісі 
Хо Ши Минға күш берді. Оңтүстік бӛлікте француздар консти-
туциялық түзетулер туралы Бао Даймен нәтижесіз келіссӛздер 
жүргізіп жатқан кезде, генерал Во Нгуен Зиап басшылығын-
дағы коммунистердің армиясы 1950 жылы соғыс қимылдарын 
бастады.
Француздар армиясы сәтсіздікке ұшырады; 1950 жылы 
желтоқсанда генерал Латр де Тассиньи Үндіқытайдың жоғарғы 
комиссары және армияның басқолбасшысы болып тағайындал-
ды. 1950 жылы ВДР мен КСРО арасында дипломатиялық бай-
ланыс орнады. 1951 жылы ақпанда ҮКП-ның ІІ съезінде 


70 
Вьетнам коммунистері партиядан шығатыны туралы жарияла-
ды. Осы кезде ҮКП-ның вьетнамдық бӛлігі ӛздерін Вьетнам 
Еңбекшілерінің Партиясы (ВЕП) деп атай бастады.
1953
жылы француздардың жағдайы тым нашарлап кетті, 
әскери қимылдар 
Лаос
территориясына қарай бағытталды. 
Мұндағы Вьетмин майданын 
Патет-Лао
басқарды, тіпті армия 
басшылары арасында Лаос патшасының жанұя мүшесі ханзада 
Суфанувонгта болды. Патет-Лао Лаостың солтүстіктегі екі про-
винциясына бақылау жасайды, ал француздарға ӛз армиясын 
Лаостың Құмыралар Жазығына түсіруіне тура келді. Француз-
дар бақылауындағы тағы бір патшалық - 
Камбоджияда
– Но-
родом Сианук патшада ӛз елінің толық тәуелсіздігін талап етті.
Соңғы шайқас Вьетнамның солтүстік-батысындағы 
Дьенбьенфу
қамалында болды. Лаоспен шекаралас орналасқан 
бұл жер ӛте маңызды болатын. Соғыс барысында Дьенбьенфу 
бір қолдан екінші қолға ӛтіп отырды, алайда 1953 жылы қыр-
күйекте француздардың бақылауына ӛтті.
1954 жылы қаңтарда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы 
А.Даллес Оңтүстік-Шығыс Азияда «коммунизмнің орнығуына» 
кедергі жасау үшін халықаралық әскери күшті ұйымдастыруды 
алға тартты. Бірақ бұған Англия жағы қарсы шықты. Сонымен 
бірге АҚШ армиясының генералы Риджуэй, американдық Конг-
ресстің мүшелері, қоғамдық қайраткерлер де қарсылық білдірді. 
АҚШ президенті Д.Эйзенхауэрдің ӛзі де жаңа ғана аяқталған 
Корея соғысынан кейін мұндай айлакерлікке барғысы келген 
жоқ.
Женевада халықаралық конференция 1954 жылы 24 сә-
уірде
болды, ал 7 мамыр күні 
Дьенбьенфу 
маңында француз әс-
кері тізе бүкті. Франция үкіметі отставкаға кетіп, жаңа премьер-
министр Мендес-Франс Үндіқытайдағы жағдайды реттеу үшін 
тӛтенше жағдай енгізді. 1954 жылы шілдеде Женевада үш ке-
ліссӛзге қол қойды. Соғыс тоқтатылды, Француздар Үндіқытай-
дан кетті, Вьетминь Лаос және Камбоджиядан әскерін алып 
шықты. Вьетнам демаркациондық сызық бойынша 17-ші парал-
лельмен екі мемлекетке бӛлініп кетті: Солтүстік Вьетнам – ас-
танасы Ханой, Оңтүстік Вьетнам - астанасы Сайгон.


71 
Женевадағы келіссӛз декларациясында 1956 жылы 20 
шілдеде Вьетнамның екі бӛлігінде де сайлау деп белгіленіп
құжат талқылануға берілді. Сонда да Хо Ши Мин коммунис-
терге толық жеңіс алып келеді деп үміттенді, бірақ Бао-Дай 
Женевада қабылданған шешімнің бәрін мойындаудан бас тарт-
ты. Үндістан, Польша және Канада ӛкілдерінің қатысуымен жә-
не Қытай, КСРО, Англия және Францияныңкепілдігімен келі-
сімнің орындалуына бақылау жасайтын комиссия құрылды.
Оңтүстік-Шығыс 
Азияда 
Филиппиндер, 
Таиланд, 
Пәкістан, АҚШ, Англия, Франция, Австралия және Жаңа 
Зеландияның қатысуымен Ұйым құру үшін 
(СЕАТО) 1954 жы-
лы қыркүйекте Маниль келісімшартына
қол қойылды. Бұл 
ұйымның міндеті 2030 солтүстік ендікке қарай, Оңтүстік-Шы-
ғыс Азияның барлық территориясына, бүкіл Вьетнам, Лаос жә-
не Камбоджияны қосқанда осы жерде болатын қандайда бір 
басқыншылыққа қарсы тұру болды.
Ел екіге бӛлінгеннен кейін Солтүстік Вьетнамда католик-
терге қарсы қуғын-сүргін басталды. Халық босқынға айналды. 
Оңтүстік Вьетнамға Солтүстіктен 1 млн-нан жоғары қоныс ау-
дарушылар келді. 1954 жылдан бастап Франция бұл аймақтағы 
саяси бақылауынан айырыла бастады. Француздарды қолдап 
отырған император Бао Дай орнына 1955 жылы АҚШ саясатын 
қолдаушы 
Нго Динь Дьем
келді. Ол Оңтүстік Вьетнамды 
Республика, ал ӛзін – президент деп жариялады.
Алайда, Нго Динь Дьем демократ болған жоқ, ол
1956 жылы сайлау жүргізуден бас тартты. Ӛзінің бауыры Нго 
Динь Ну және басқа туыстарымен бірге елде үлкен парақор-
лықтың дамуына жол ашып берді. Елдегі діни ұйым – буддис-
терге қарсы шықты. Территорияның кӛп бӛлігін алып жатқан 
тау халықтарына қарсы саясат жүргізді.
1961 жылы елде соғыс басталды. Оңтүстікте коммунистік 
оппозиция - 
Вьетконг
құрылды, ал 
1960 жылы Оңтүстік 
Вьетнамды азат ету Ұлттық майданы 
құрылып оны
Нгуен 
Хыу Тхо 
басқарды. Хо Ши Мин 1956 жылғы сайлаудың табыс-
ты боларынан үміттеніп Женевалық келісімді мойындауға ке-
лісті. Қытайдағы ұжымдастыру үлгісімен ол елде индустриялық 


72 
және аграрлық реформалар жүргізе бастады. Бұл елде наразы-
лық тудырып, шаруалар кӛтерілісіне алып келді, кейін ол басып 
жаншылды (50 мыңнан аса адам зардап шекті).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет