А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


ХХ ғасырдың соңы, ХХІ ғасырдың басындағы



Pdf көрінісі
бет51/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   134
ХХ ғасырдың соңы, ХХІ ғасырдың басындағы 
Индонезия. 
Сонымен, 1997 жылдың басында азияттық нарық-
тағы дағдарыс Индонезияға үлкен ауыр соққы болып тиді: ішкі 
кіріс тез тӛмендеп, ұлттық валюта курсы түсіп, күнделікті қол-
даныстағы тауар бағасы құнсызданды. Халықтың 40% кедей-
шілік күйге түсті.
Осы жылғы сайлауда елдің бірінші президенті Сукарно-
ның қызы 
Мегавати Сукарнопутри
мен әскерилер қолдауын-
дағы А.Хабиби сайлауға түсіп, президент болып 
А.Хабиби
таға-
йындалды. Елдің саяси тұрақтылығын қайта қалпына келтіру 
мақсатында билікке келген жаңа президент ӛз бәсекелесі 
М.Сукарнопутриді үкімет басшылығындағы екінші орын, яғни 
Индонезияның вице-президенті орнына тағайындады. Тұрақта-
нуға жасаған қадамдар ӛз нәтижесін берді, бірақ елдегі дағда-
рысты жағдай сақталып қалды.
1999 жылы қазанда болған кезекті сайлауда 
Б.Ю.Хабиби
жеңіліс табады, ӛйткені 1975 жылы Шығыс Тиморды басып 
алуға қатысты мәселе Индонезияның халықаралық беделін тү-
сіріп жіберген болатын. Ұзақ жылдар бойы бұл жерді индоне-
зиялық әскерлер қарудың күшімен ұстап тұрды. Ал 1999 жылы 
осы іске қатысы бар Индонезияның азаматтық және әскери 
басшыларына қарсы кӛтеріліс басталады. Бұл іске БҰҰ-ның 
ӛкілдері араласып, Шығыс Тиморға қатысты кінәлі адамдарға 
Джакартада сот ісі басталады. Міне, тап осы Шығыс Тимор мә-
селесіне қатысты дауға байланысты Б.Ю.Хабиби жеңіліс тауып, 
оны 
А.Вахид
ауыстырды. Ол да ұзақ отырған жоқ, 2001 жылы 
импичментке тартылып, яғни парақор деген жалған айыппен 
орнынан кетуге мәжбүр болды.
2001 жылы үкімет басына 
Сукарнопутри
келіп, ол армия 
альянсы мен исламшылдарға сүйенді.


81 
Дегенмен, Индонезия тарихында бірінші рет мемлекет 
басшысын сайлау арқылы тағайындау 2004 жылы 5 шілдеде 
болды (оған дейін президент және вице-президентті ХКК-тің 
жоғарғы органдары тағайындады). Сайлау науқанына бес канди-
дат қатысып, нәтижесінде отставкадағы генерал 
Сусило Бамбанг 
Юдхойоно
(Демократиялық партиядан) жеңіп шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет